Сабақтың тақырыбы: "Гидраның құрылысы"


Қарапайымдар тұрып қалған суларда, топырақтың дымқыл қабатында да таралған, бірақ олар қайнаған суда тіршілік ете алмайды. Неге?



бет4/7
Дата07.02.2023
өлшемі4,21 Mb.
#66067
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
gidranyn-kurylysy-553623e851e3c

2. Қарапайымдар тұрып қалған суларда, топырақтың дымқыл қабатында да таралған, бірақ олар қайнаған суда тіршілік ете алмайды. Неге?
Жауабы: Қайнаған суда оттегі жоқ
3. Жасыл эвглена жарықта хлоропластта түзілген органикалық заттармен қоректенетіні белгілі. Қараңғыда жасыл эвглена тіршілігін дәл солай жалғастыра ала ма?
Жауабы: Жоқ. Ұзақ уақыт қараңғы жерде эвглена еріген органикалық заттармен қоректене бастайды.

"Миға шабуыл"(топқа сурет жапсырылған ватман беріледі.Сол суреттегі берілген микроскоп және қарапайымдардың құрылысын жазып, атап шығуы керек)










Балалар, жаңа тақырыпты бастамас бұрын сергіту сәтін орындайық!
Жаңа сабақ
Жоспары:
1 Сыртқы құрылысы
2 Жасушалары
2.1 Эктодерма қабатында
2.2 Энтодерма қабатында
3 Гидраның тамақтануы
4 Көбеюі
5 Өкілдері

Жалпы түр саны 9000 жететін ішекқуыстылардың көпшілігі теңіздер мен мұхиттарда мекендейді. Еркін немесе бекініп өмір сүреді . Ішекқуыстылардың барлығының денесі екі қабаттан тұрады, дене ішінде қуыс болады.


Гидралар (Hydrozoa) – ішекқуыстылар типінің омыртқасыз жануарлар отрядына жататын жыртқыштар. Қазір гидралардың 10-нан астам түрі белгілі. Соның ішінде Қазақстанда кәдімгі гидралар (Hydra vulgarіs), жасыл гидралар (Chlorohudra vіrіdіssіma), сабақтәрізді гидралар (Pelmatohudra olіgactіs) кездеседі. Гидралар – дене тұрқы 1 см-ге дейін жететін цилиндр пішінді, тұщы суда мекендейтін полип. Ол табанымен су астындағы өсімдіктерге, тасқа, т.б. заттарға жабысып, баяу қозғалып, тіршілік етеді. Гидралардың денесі эктодерма және энтодерма қабаттарынан тұрады. Аузының айналасында 6 – 12 қармалауыштары бар. Қармалауыштарының және атпа клеткаларының көмегімен ұсақ жәндіктерді, әсіресе, шаянтәрізділерді ұстап алып жұтады. Энтодерма қабатына түскен қорегін жасуша ішінде қорыту үшін олардың безді жасушалары ас қорыту сөлдерін бөледі. Қорытылмаған қалдықтары ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Гидралар жынысты және жыныссыз (бүршіктену арқылы) жолмен көбейеді, дара жынысты да, гермафродит түрлері де кездеседі.
Ішекқуыстылар типі үш класқа жіктеледі :
1)Гидратәріздестер(гидроидтар)
2)Табақшатәріздестер(сцифоидтар)
3)Көпқармалауышты (полиптер)
Сыртқы құрылысы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет