Сабақтың тақырыбы: «ххі ғасыр информатигі»



бет1/3
Дата07.10.2024
өлшемі24,27 Kb.
#146960
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
ХХІ ғасыр инф.разработка


Сабақтың тақырыбы: «ХХІ ғасыр – информатигі» зияткерлік сайысы
Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылау, материалды меңгеру дәрежесін тексеру, пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту, сынып көшбасшысын анықтау.

Жүргізуші:
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар, әділ - қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «ХХІ ғасыр – информатигі» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсеңде, жеңілсең де қалма жасып.

Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымыз өздерін таныстырсын. (Өмірлік ұстанымын айтып өтеді).
Ойынға 9 – оқушы қатысады. Бүгінгі ойынымыз 3 айналымнан тұрады.
1-ші айналым – «Бәйге»
2 ші айналым – «Жорға»

3 ші айналым – «Дода»




Жүргізуші: «Білім» атты асыл қазынадан біраз сұрақтар дайындадық. Баршаларыңызға жұлдыздарыңыз оңынан жансын,- деп тілейміз.

1–ші «Бәйге» айналымды бастаймыз. Ойыншыларға тест түрінде үш жауап нұсқасы бар ортақ 10 сұрақ қойылады. (Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады)
1.«Ақпарат» сөзі латын тілінен аударылғанда қандай мағына береді?
А) түсіндіру, баяндау, мәлімет
В) көрсету, айту, әңгімелеу
С) баяндау, айту, мәлімет
2. Ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым-
А) математика
В) физика
С) информатика
3. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын негізгі құрал-…
А) компьютер
В) монитор
С) модем
4. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:
А) 1
В) байт
С) бит
5. Бір байт нешеге тең?
А) 10 бит
В) 8 бит
С) 16 бит
6. __________ дегеніміз – құпия ақпаратты бөтен адамдардың оқуына жол бермейтіндей етіп өзгерту.
А) сөйлеу
В) алфавит
С) шифрлау
7. Ақпаратты қорғаумен айналысатын арнайы ғылым саласы
А) криптология
В) информатика
С) математика
8. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?
А) сезу мен көрудің
В) есту мен көрудің
С) иіскеу мен естудің
9. Графикалық ақпаратты компьютерде бейнелеудің неше түрі бар?
А) Бес
В) Үш
С) Екі
10. «Paint» сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?
А) сурет, сурет салу
В) музыка, ән салу
С) оқу, кітап


Жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.


Әділқазылар жинаған ұпай сандарын айтады, ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет