Сабақтың тақырыбы: «хіх ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен музыка өнері»



бет4/9
Дата06.01.2022
өлшемі0,64 Mb.
#11592
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
әдебиет материалдар

7. Омбыда

8. 1833-1841 жылдары

ІІ. Баламалы тест

(Баламалы тестте сұрақтың жауабына қарай «иә» немесе «жоқ» деп жауап береміз. №12,13)





ІІІ. «Ой – толғау» (карточкамен жұмыс)

№ 1. Киіз үй сан ғасырлардан бері қолданыстан түспей пайдаланылып келуінің қандай ерекшеліктері бар?

№ 2. Қазақстанды зерттеуде орыс мәдениетінің тамаша өкілдері ішінен В.И.Дальдің есімі не себепті ерекше орын алады?

№ 3. Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин қазақтардың өміріне, тарихына не себепті қызыға қарады?

№ 4. ХІХ ғ І ж қазақ жерін зерттеген көрнекті ғалымдар және олардың үлестері мен еңбектері?

Жауаптары:



1 карточка: Киіз үй көшіп-қону кезінде ыңғайлы, тез жиналып құрастырылатын болған. Киіз үйдің іші жазда салқын салумен қатар, үнемі таза ауа кіріп тұрумен ерекшеленген. Қазақтың киіз үйлері өлкеге келген орыс және шетел жиһангездерін де таң қалдырды.

2 карточка: 19 ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқының өмірі мен тарихына, шығармашылығына көңіл бөлген орыс мәдениетінің тамаша өкілдері ішінен В.И.Дальдің есімі ерекше орын алды. Орынбор өлкесінде болған сегіз жыл ішінде В.И.Даль тікелей өз қызметімен қатар түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырды, әңгімелер мен басқа да шығармалар жазды. «Бөкей мен Мәулен» повесін жазып, онда Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын сипаттады.

3 карточка: Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин шығармашылығының бір тармағы – Орынбор өлкесімен, 1773-1775 ж Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысымен байланысты еді. 1833 жылы осы көтеріліс туралы мәлімет жинаған А.С.Пушкин Қазақстанның сол кездегі орталығы – Орынборда болды. Осы өлкеде бір аптадан артық, қаланың өзінде үш тәулікке жуық болған ұлы ақын азиялық тайпалардың, соның ішінде қазақтардың өмірін өз көзімен көрді. Оралда А.С.Пушкин «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» поэмасымен танысқан.

4 карточка: 19 ғ 20-40 ж Қазақстанды зерттеудің жаңа кезеңі басталды. 1848-1849 ж Г.С.Карелиннің Каспий теңізіне және капитан-лейтенант А.Бутаковтың Арал теңізіне жасаған экспедициялары қазақ даласын зерттеудегі үлкен бетбұрыс еді. Олар Сырдария өзенінің жағалауларын картаға түсірді. Арал теңізі мен оған құятын сол Сыр өзенінің тереңдігін анықтады, картада белгіледі.

Саяхатшылар Е.П.Ковалевский, Н.А.Северцев, П.И.Небольсин, т.б. орыс ғылымының белді өкілдері қазақ жерін топографиялық зерттеумен шұғылданды, табиғи байлықтарын анықтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет