Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867ж) – қазіргі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туған. Кедей отбасында өскен шешендік өнерге, ауыз әдебиетіне жасынан құмар болған Шернияздың ақындық талабы ерте оянды. Ол 1836-1838 жылдары Кіші ордадағы көтеріліске қатысты.
Шернияздың әдебиет саласына қосқан бір жаңалығы – дәстүрлі, көне замандардан бері көшпенділер өмірінде белгілі орын алған суырыпсалмалық өнерін жетілдірді.
Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895ж) – бұрынғы Көкшетау облысының Қызылту ауданында, кедей отбасында туып өскен. Жастай екі көзінен айырылған Шөже қобыз тартып, өлең айтуға машықтанады.
Шөже билеушілердің, жеке би-сұлтандардың екі жүзділігі мен зұлымдығын, басқа да ретсіз қылықтарын әшкерелеп отырды. Шөже – ірі эпик ақын. Әйгілі «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырының ең көркем нұсқасы Шөженің айтуымен тараған.
Достарыңызбен бөлісу: |