11.5.1.31 аденозинтрифосфат гидролизі құрылымын және сызбасын құрастыру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: АТФ гидролизінің құрылымын сипаттайды Көпшілік оқушылар үшін: АТФ молекуласын және гидролиз нәтижесін дұрыс сипаттайды;
Кейбір оқушылар үшін: АТФ циклін көрсету үшін блок-сызбаны дұрыс бейнелейді
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.