Сабақтың басы Ұйымдастыру Кезеңі Қызығушылықты ояту 8 мин
Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу
Шаттық шеңбері: Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабаққа көңілді қатысады.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
Тақырыптық суреттер
Сабақтың ортасы Жаңа сабақ 30 мин
Химиялық реакциялардың ерекшеліктерінің бірі - олар белгілі бір уақытта жүзеге асады.
Химиялық реакциялардың жүру уақыты әртүрлі. Кейбір реакциялар секунд мезетінде жүріп өтеді, ал басқа реакциялардың аяқталуы үшін мыңжылдықтар керек. Ал кейбір реакциялар мұқият бақыланатын жылдамдықпен ғана жүзеге асырылады. Мысалы, қышқылдардың сілтімен бейиараптану реакциясы бөлме температурасында лезде жүреді. Тау жыныстарының желдің әсерінен химиялық өзгеріске ұшырауы (граниттің сазға айналуы) мыңдаған жылдар бойы жүреді. Сондықтан химиялық реакциялар баяу,жылдам және мұқият бақыланатын жылдамдықпен жүретін болып бөлінеді.
Келесі бейнероликке назар аударайық
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_11544/72.mp4 Демек, түрлі реакциялардың жылдамдығы әртүрлі. Химиялық реакциялардың жылдамдығын зерттейтін химияның саласы химиялық кинетика деп аталады. Химиялық кинетикадағы басты ұғым- химиялық реакцияның жылдамдығы. Химиялық реакция жылдамдығы дегеніміз –бастапқы заттардың немесе өнімнің біреуінің концентрациясының уақыт бірлігінде өзгеруін айтады Мына формуламен өрнектеледі:
құрыңдар және сызбасын салыңдар.
1-тапсырма Химиялық реакция жылдамдығы:
А) бір-біріне қарай молекулалар немесе иондардың қозғалысы
В) химиялық реакция аяқталатын уақыт
С)химиялық реакцияға түскен заттың құрылымдық бірліктер саны
Д) белгілі бір көлемде немесе аудан бірлігінде зат мөлшерінің өзгерісі
2. Өте жылдам жүретін процесс?
А) жапырақтың шіруі
В) динамиттің жарылуы
С) металдың тотығуы
Д) сүттің ашуы
3. Химиялық реакция жылдамдығының өлшем бірлігі?
А) моль/л В) г/моль
С) моль/с Д) моль/л ·с
Дұрыс жауабы Химиялық реакция жылдамдығы:
А) бір-біріне қарай молекулалар немесе иондардың қозғалысы
В) химиялық реакция аяқталатын уақыт
С)химиялық реакцияға түскен заттың құрылымдық бірліктер саны