Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
5 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Саламатсыңдар оқушылар. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын оқушыларды түгелдеп алайық. Кезекші кім? Сабақта кім жоқ бүгін? «WhatsApp» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
«Флешка» әдісі арқылы 4 топқа бірігейік. Ол үшін мен флешкалар таратып шығамын.
І – топ: «Қосылу реакциясы»
ІІ – топ: «Айырылу реакциясы»
ІІІ – топ: «Орынбасу реакциясы»
ІV – топ: «Алмасу реакциясы»
|
Мұғалімен амандасады.
Сабаққа қажетті құралдарын дайындайды.
Кезекші сыныптағы жоқ оқушыны айтады.
Оқушылар ұялы телефондарындағы WhatsApp желісін пайдалана отырып тест сұрақтарына жауап береді.
Флешка ішінде жасырынған сандар бойынша топтарға бірігеді.
|
Әрбір дұрыс жауап үшін – 1ұпай (сутек Н)
Жалпы – 5 ұпай (бор В)
|
Оқулық
Жұмыс дәптері
Ұялы телефон
|
Жаңа сабаққа кіріспе
5 мин
|
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашу мақсатында оқушылармен рольдік ойындар ойнаймыз. Оқушылар айтыңдаршы біз қазір не көрдік? Қалай ойлайсыңдар? Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай? Иә, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Химиялық реакциялардың типтері». Бүгінгі сбағымыздың мақсаты: бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу.
|
Оқушылар сабақ тақырыбын ашуға ат салысады. Сабақтың тақырыбы мен және сабақ мақсатымен танысады.
Дәптерлеріне бүгінгі күнді және тақырыпты жазады
|
|