Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру. Әңгімелесу.
Зерттеу сұрақтары:
Отбасы деген не?
Неке деген не?
Мемлекет отбасын қалай қорғайды?
Отбасы мүшелерінің қандай құқықтары болады?
Бастапқы стимул. Диалог.«Мерейлі отбасы-2018» концертінен сурет немесебейнематериалдан үзінді көрсетіп әңгімелесу.
Бұл бейнематериалда көрсетілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының мақсаты не?
Осы конкурсқа қатысқан отбасылар нені насихаттайды?
Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалықова сөзінде қандай құндылықтар туралы сөз етті?
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
Тақырыптық суреттер
Мерейлі отбасы-2018» концерті
https://www.youtube.com/
Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс Зерттеу мен талдау. Қысқаша шолу. (проблемалы баяндау, 3 минут) ҚР Конституциясында отбасы туралы қандай баптар бар? 18-баппен таныстырып, мысал келтіріп түсіндіру.
1-тапсырма. Сыныптамүмкіндік болса, «Отбасы құндылықтарын сақта» бейнебаянын көрсетіп, зерттеу сұрақтары аясында неке, отбасы ұғымдары туралы пікір алмасу, талқылау ұйымдастырылады. (оқушылар қажетті ақпаратты түртіп жазып алады немесе дайын мәтіндер таратылады) Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы.
Еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп атаймызОтбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады.
2-тапсырма..
Отбасының атқаратын функциясы.
Отбасының құндылықтары.
Отбасы мүшелерінің құқықтары
Оқушыларға «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралыҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі» (Қосымша 1)баптары таратылады.
Оқушылардың өздері дескрипторларға сай бағалайды, мысалы, бірнеше оқушыны «эксперт» ролінде қойып бағалатуға болады.
3-тапсырма.«Мерейлі отбасы қандай болуы керек?» атты шағын ой толғау жазу.
Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
Дескрипторлары: Топтың тақырып мазмұны бойынша жауап іздеп зерттейді; Отбасының қызметінің маңыздылығы туралы қорытынды жасайды. Өз пікірлерін дәйектеп, постер жасап түсіндіреді. Дескрипторлары:
Отбасы құндылықтарына кем дегенде 2 аргумент және дәлел келтіреді.
Кем дегенде 2 дәлел келтіреді.
Қорытынды ой түйін жасап, мәселені шешу жолын ұсынады.