Сабақтың тақырыбы: Image Composite Editor программасында 3D панорамасын құру



бет2/3
Дата25.11.2022
өлшемі91,5 Kb.
#52498
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
11 сынып Инф 14

Сабақтың ортасы

Педагог бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады:


 3D панорамасы үшін фотоға түсіру кезінде қандай талаптарды орындауды;
 программалық қамтамасыз етілімді қолдана отырып, 3D панорамасын құруды
үйренесіңдер.
Оқулықпен жұмыс
Панорама түсірудің ерекшеліктерін түсіндіру.
Панораманы қалай түсіреді?
Панорамалық түсірілім нодальді нүктенің айналасында фотопаратты бұрып, ретімен түсіреді.
Жанында орналасқан суреттер жалпы аумақтың 20% ауданын
алуы қажет. Дәл осы аумақтардың талдауы программаға барлық кадрларды бір панорамаға
тігуге көмектеседі. Егер сенің фотоаппаратыңда RAW+JPG форматы болса, сол форматпен
түсірген дұрыс.
RAW форматы бейненің кейбір кемшіліктерін жөндейді, ал JPG түсірілген бейнелерді жылдам
көруге мүмкіндік береді.
Панораманы түсіру кезде не қажет?
• Фотоаппаратты толық қолмен орындау режиміне келтір (Ол М белгісімен белгіленеді).
• Анық көрінетін режимге қой. Түсірілім барысында панораманың бастиегінсіз түсірілген
кадрларды есте сақтап алу қажет және суреттерді жауып отыру қажет. Солдан оңға, жоғарыдан
төмен қарай түсір.
• Барлық нысандардың қажетті ашықтығы болу үшін, фокустауды қолмен бапта.
• Егер жарық жеткілікті болған жағдайда фотосуреттердің ашықтығы жақсы болу үшін,
диафрагманың санын ең жоғарғысына қой (мысалы, F9.0).
Жарықтылықтан шыға отырып, ISO режимін орнат.
• Суретте жарқырап қалған не тым қошқыл аумақтар болмайтындай ұсталымды түзету
керек.
Түсінгендерін іс жүзінде қалай қолдана алатындығын тексеруге арналған тапсырманы
орындату:
ICE программасын қолданып, сфералық панорама құрғызу.
Жоғарғы деңгейдегі дағдыларын дамытуға арналған сұрақтар:
1. Түсірілім кезінде неліктен фотографияларды жауып қою қажет?
2. Панораманы құруда бақылау нүктесі не үшін қажет?
3. ICE программасымен жұмыс істеудің қандай ерекшеліктері бар?
4. ICE программасының артықшылықтары мен кемшіліктерін ата.
Топтық жұмыс
Топта панораманы сақтау керек графикалық файл форматтарының негізгі артықшылықтары
мен кемшіліктерін атап, оларды талқылаңдар.

Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды


2- тапсырманы орындайды


3-тапсырманы орындайды





Презентация




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет