10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау;
10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастырады және бағалай алады. Сонымен қатар белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.