Сабақтың тақырыбы Индустрияландыру: ұлттық өндіріс тарихы. Теміртау қазақ Магниткасының көшбасшысы


«Көршіңмен талқыла» әдісі. Жұппен жұмыс



бет2/3
Дата28.04.2023
өлшемі304,03 Kb.
#87855
түріСабақ
1   2   3
«Көршіңмен талқыла» әдісі. Жұппен жұмыс
Қазақ металлургия зауыты – Қазақстан қара металының тұңғышы, Қарағанды металлургия комбинатының негізін қалаушысы. Қазақстан Магниткасы атанған осы Қарағанды металлургия зауыты 1960 жылы 3 шілде күні алғашқы шойынды берді. Дәл осы күні Қарағандыдағы металлургия комбинатында тұңғыш домна пеші іске қосылды. Бұл күн Қазақстан Магниткасының дүниеге келген күні болып саналады.
Қазақстан Магниткасы зауытының құрылысы 1950 жылы басталған еді. Көлемі 1513 м3 алғашқы домна пешін салу 1957 жылы желтоқсанда қолға алынды. 1958 жылы БЛКЖО XIII-съезінде Қазақстан магниткасын салу Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды. 1960 жылы 3 шілдеде № 1 домна пеші, тұңғыш шойын қорытты, қарашада 2 кокс батареясы пайдалануға берілді, 30 желтоқсанда қазақстандық алғашқы кокс алынды.
Комбинатта 1980 жылдары 41 мыңнан аса адам еңбек етті. 6 адам Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.Теміртаудағы бұл зауыт қазіргі уақытта Қарағанды облысының еліміздің өндірістік локомативі атануына өзінің зор үлесін қосуда.
Теміртау-Қарағандының солтүстік батысында 35 шақырымдай Нұра өзенінің сол жағында орналасқан қала. Ол 1945 жылы 1 қазанда құрылған. Қала жайлы деректерге сүйенсек, бұрынғы Самарқанд поселкасы базасының орнына құрылып, оның орысша аудармасы «Железная гора», мұнда Қазақстан магниткасы деп атайтын Қазақ металлургия зауыты өмірге жолдама алған.
Тыңдалған мәтінді ретімен орналастыру, жіңішке және жуан сұрақтар тізбеген дайындап және жауап беріңіздер.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
«Еркін жазу» әдісі
Тақырыпқа сай тірек сөздерді іріктеп, түрлендіріп, шағын мәтін құрыңдар.
Теміртау. Тәсіл. Зауыт. Уақыт. Тақырып. Еңбек. Мәтін. Зерттеу. Қарағанды. Ғылым. Редакция. Металлургия комбинаты. Жоспар.Қазақстан магниткасы
Сен «Ұлттық индустрияның болашағы» атты форумның эмблемасын ойластыратын шығармашылық топтың мүшесісіз делік. Өз ойларыңызбен бөлісіңіз және эмблемаға ұсынған әр бөлшектің мазмұнын түсіндіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет