Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5.4.2.2 -құжатқа құпиясөз орнату
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: Компьютердегі деректерді қорғау жолдарын анықтайды. Оқушылардың басым бөлігі: Файлдарға құпия сөзді орнатуды қолданады. Кейбір оқушылар: Ақпаратты қорғау әдістерін түсінеді
«Оққағар» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Мақсаты: Әр адамның артында тұрған оққағарлары алдыңғы қожайындарын қауіп-қатерден сақтап, қорғап-қоршап жібермей ұстап қалу.
Мұрағатталған бума түрінде жасалған қоржын ішінен,
суреттерін алып, мазайка әдісі бойынша құрастыру арқылы үш топқа бөлінеді. Құрастырылған суреттеріне анықтама беріп өтеді. (3 мин)
кезең
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Бағалау
Минут
Білу
I-кезең
Жеке жұмыс
Бинго билетіндегі сұрақтарға жауап беру. (Әр топқа бинго билеті тарқатылады. Интербелсенді тақтада Бинго ойыны ойнатылады. Әрбір лататрондағы сұрақтарға топ бірлесіп жауап береді)
1.Ұялы телефондарыңды бөгде адам ашып қолданбас үшін не істеуге болады?
2.Пароль дегеннің қазақша және ағылшынша аудармасы қалай?
(Құпия сөз, пароль, password) 3.Құпиясөзді тағы қай жерлерде қолдануға болады?
4.Компьютерлік деректерді қалай және неден қорғаймыз?
5.Вирустар дегеніміз не?
деген сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың идеясын ашамын.
Оқушылар алдыңғы білімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың идеясын ашады.
Түрлі түсті таяқшалардың түрлері арқылы бағалаймын.
Жасыл түс-өте жақсы.
Қызыл түс- жақсы.
Сары түс- қосымша әліде кішкене толықтыру қажет.