10.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау
10.4.3.1- белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп,түрлендіріп,талғаммен қолдана білу
Сабақтың мақсаттары
Мәтінде көтерілген мәселе бойынша сұрақтар құрастырады, бағалайды.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Тірек сөздерді іріктеп, түрлендіріп, шағын мәтін құрайды.
Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана біледі.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу. «Тілек» «Біліміңді жинақта» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
«Ұлттық индустрияны дамытуға еңбек сіңірген ұлы тұлғалар» фотоколлаж. Смағұл Садуақасов, Тұрар Рысқұлов, Қаныш Сәтбаев 1.Жер байлығы құндылықтың қай түріне жатады?
2. Ұлттық өндіріс дегеніміз не?
3. Индустрияландыру дегеніміз не?
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады Тыңдалымалды тапсырма.
1-тапсырма. «Атаулар көмегімен болжау» тәсілі арқылы тыңдалым мазмұны неге қатысты екенін болжаңыздар.
Бренд, фабрика, жеңіл өнеркәсіп, үшінші мегаполис «Алтын адам»
Жұптарда талқылап, өз жауаптарыңызды толықтырыңыздар (Жұптық жұмыс).
Тыңдалым тапсырмасы.
https://www.youtube.com/watch?v=AxqfPkIWg8A
(Алтын адам тігін фабрикасы \ Үшінші мегаполис \ Асыл арна)
т
Тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша жіңішке және жуан сұрақтар тізбегін дайындаңыздар және жауап беріңіздер. ә) Жұпта талқылап, әр жұп ең жақсы деген 1 жіңіше, 1 жуан сұрақты таңдап, екінші жұпқа беріңіздер (Сұрақтардың жауабы тыңдалады.) Мағынаны тану. Ойтүрткі сұрақтары.
Мына суреттің тарихы жайлы не білесіңдер?
Онда қандай ірі кәсіпорындар бар?
Кәсіпорын мен ол тұрған қала атауының тарихы туралы не білесіңдер?