М.Әуезов атындағы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы:«Информатика – ақпараттар ғылымы»
(сыныптан тыс шара)
Күні: 21.10.2022
Сабақтың тақырыбы: «Информатика – ақпараттар ғылымы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация.
Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
1.Оқушылармен амандасу,танысу.
2.Сайыс барысында тренинг өткізу;
3. Сайыс жоспарын таныстыру.
«Жылы импульс » тренингі
Мақсаты: оқушылар арасында жағымды қарым- қатынас орнату, коммуникативті өрісті дамыту, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Жүру барысы:
Күлім қағып қолымды
1,2,3-деп соғайын
Қарап тұрған көршіме
Қолымды мен бұлғайын
Жылы жылы жүзбенен
Жүрегімді сыйлаймын
Амандасып өзіңмен
Қолыңды бер қысайын
Амандасып өзіңмен
Тренинг өтеді. Содан кейін оқушыларды топқа бөлемін.Топқа бөлу үшін үшбұрыш,төртбұрыш,элипс фигураларын оқушыларға беремін.Қалауындағы фигураны таңдайды,бірақ негізгі ой фигурада емес, фигуралардың түсінде.Демек оқушылар фигураға емес, фигуралардың түсіне қарай бөлінеді.(сары түс Паскаль тобы,қызыл түс алгоритм тобы,жасыл түс диплей тобы)
Топқа бөлінгеннен кейін оқушыларға сайытың кезеңдері түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |