Коммуникативті дағдылар тренингі Орындаған: Маханбетжан Ә



бет1/4
Дата03.05.2023
өлшемі1,62 Mb.
#89364
  1   2   3   4
Байланысты:
powerpointbase.com-w919

Коммуникативті дағдылар тренингі

Орындаған: Маханбетжан Ә.

Кіріспе Коммуникация- бұл қарапайым өмірде қарым қатынасқа түсу, ақпарат алмасу; психологиялық тілде нақтылайтын болсақ, коммуникацияға түсу яғни адамдардың ақпарат алмасу арқылы қалыптасуы, дамуы; ақпараттың өзіде бірінші адамнан екінші адамға жеткізілгенде қалыптасады, дамиды.Соңғы жылдары тілдесу арқылы түсінісу ғылымда «коммуникация» терминімен алмастырылып отыр.

Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.

Коммуникативті дағдылар тренингі


Коммуникативті дағдылар тренингі

Мақсаты:  Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Тренинг барысы : Мінез-құлқы, көңіл күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әртүрлі адамдарды түсіне білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжрибесінен алынады. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалыптаса алады.

  • Міндеті: Жаңашыл педагогтың бейнесін ашатын үлгі құру, жұппен, топпен тұжырым жасап, қорытындыға келу. Қатысушылардың өз әсерлерімен бөлісуіне жағдай жасау. Қажетті құрал-жабдықтар: баяу әуенді диск, қағаз бен қалам, үлестірмелі тапсырмалар және компьютер слайд тақтасы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет