Сайыс шарты мен өтуі: Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1. Сәттілік кезең.
2. Шешімін тап!
3. Ғажайып алаң.
4. Байқағыштығыңды байқат!
5. Жанкүйерлер сайысы.
6. Кроссворд щешу.
Енді сайысымызды бастайсыз. 1-кезең. ”Сәттілік кезеңі”Бұл кезеңде әр топқа 15 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз орнында, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын жазады. Кез келген топ мүшесі уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды. Әр сұрақтың бағалануы – 5 ұпай.
«Интернет» тобының сұрақтары:
№
Сұрақтар
Жауаптар
1
1 байт неше биттен тұрады?
8
2
Ақпараттық процестер?
сақтау, алмасу, өңдеу
3
Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады.
ALT+F4
4
Компьютердің ең негізгі құрылғылары?
жүйелік блок, пернетақта, монитор
5
Ақпаратты кері кодтау қалай аталады?
декодтау
6
Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі
Caps Lock
7
Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы
принтер
8
Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды
1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде
9
Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі
интерфейс
2-кезең. Шешімін тап!!!Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топтың капитаны ойынды бастайды. Топ капитандары ортаға шығып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа – 10 ұпай.
1-топтың жұмбағы: 1) Батырманы басасың,
Қажетіңді ашасың.
(«Еnter» батырмасы)
Самолет А қаласынан Б қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минут ұшып өтті, ал қайтар жолда 80-ақ минут ұшты. Бұл қалай?
2-топтың жұмбағы: 1) Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(Принтер)
Дәрігер ауру адамға 4 дәрі беріп: «әрқайсысынан әрбір жарты сағатта ішіп отырыңыз»,-деді. Дәрілерді ішіп бітіруге ауру адамның қанша сағат уақыты кетеді?
3-топтың жұмбағы: 1) Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан
(Тасымалдаушы дискілер)
Математик кішкентай қалашыққа тоқтады да, шашын қырықтырмақшы болды. Қалада тек екі шаштараз бар. Бірінші шаштараздағы шебердің шашы онша жақсы қырқылмаған. Математик қай шеберге барады?
3-кезең. Ғажайып алаң.Бұл кезеңде үш топ тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Өздеріңіз көріп тұрғандай сұрақтар үш тақырып бойынша бөлінген. Бұл осы уақытқа дейін оқушыларымыздың танысқан тарауларының тақырыбы. Сұраққа жауап беруді ұпай саны жоғары топ бастайды. Сұраққа дұрыс жауап бермеген жағдайда өзге топтың мүшесі жауап беруге болады және ұпай сол топқа жазылады. Ақпарат, компьютер тақырыбы бойынша сұрақтар:
№
Сұрақтар
Жауаптар
Ұпай саны
1
Ақпарат латынның қандай сөзінен шыққан?
informatio
10
2
Табиғат көріністері және кескіндерді қабылдауды, дәм, иіс сезу алынатын ақпараттар қалай аталады?
бейнелі ақпарат
20
3
Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесі не деп аталады?
код
30
4
Екілік алфабит 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ағылшын тілінде екілік таңбаларды қалай атайды?
binary digit
40
2. Windows операциялық жүйесі бойынша сұрақтар:
№
Сұрақтар
Жауаптар
Ұпай саны
1
Операциялық жүйе дегеніміз және оның түрлері қандай?
ОЖ-компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға, оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалар жиыны. Түрлері: MS Dos, Windows 98, 2000, Vista, XP, NTб т.с.с
10
2
Басты меню қалай ашылады және қандай командалардан тұрады?
Бас меню Іске қосу батырмасын басу арқылы ашылады. Бағдарламалар, Құжаттар, Баптау, Табу, Анықтама және көмек, Орындау, Компьютерді өшіру т.с.с. командалардан тұрады.
20
3
Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларын ата?
Қатқыл диск (винчестер), Процессор, дискжетек, жедел жады, т.б.
30
4
Компьютерге қосылатын қосымша құрылғылармен бірге жабдықталатын программалар қалай аталады?
Драйверлер
40
3. Paint графикалық редакторы бойынша сұрақтар:
№
Сұрақтар
Жауаптар
Ұпай саны
1
Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз?
Пуск-Все программы-Стандартные-Paint
10
2
Әрекетті орындатпау үшін қандай команданы орындаймыз?
Правка-Отменить
20
3
Paint бағдарламасында суретті сақтау үшін қандай команда орындалады?
Файл – Сохранить как...
30
4
Paint бағдарламасында беттің масштабын қалай өзгертеміз?
Вид – Масштаб - ...
40
4-кезең. Байқағыштығыңды байқат!!!Бұл кезеңде берілген суреттерден 10 айырмашылықты 2 минут ішінде табу қажет. Әр топтың айырмашылықтарды табуына байланысты қазылар алқасы баға береді. Ең жоғарғы баға – 10 ұпай.
5-кезең. Жанкүйерлер сайысы.Бұл кезеңде көрерменнен бір оқушы ортаға шақырылады. Жанкүйердің екі қолына да бор беріледі. Тапсырма: сол қолмен үш үшбұрыш, ал оң қолымен шеңбер салу керек. Берілетін баға – 5 ұпай. Жанкүйер алған бағасын өзі қалаған топқа береді. Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін, сөз әділқазылар алқасына беріледі. 6 кезең. Кроссворд щешу. Сұрақтар: Ақпаратты сақтау құрылғысы
Сайысымыздың қорытындысы: оқушыларды бағалау. Сайыстың нәтижесі
бойынша жеңген оқушылар марапатталады Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда оқушыларын құттықтаймыз!