Сабақтың тақырыбы: Интернетке деректер жіберу Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата11.04.2023
өлшемі111,5 Kb.
#81468
түріСабақ
Байланысты:
4-сынып-кмж 27




«Бекітілді»
Оқу ісінің орынбасары: Г.А.Турабаева



Күні: 03-05.04.2023
Сынып: 4 в, г, д

Педагогтың аты-жөні: Смагулова Г.С.

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Интернетке деректер жіберу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.3.2.2 файлдары қоса берілген хабарламаларды электрондық пошта арқылы қабылдау және жіберу

Сабақтың мақсаты:

«Электронды пошта» ұғымына анықтама береді
Mail.ru қызметтік поштасына тіркеледі
Неліктен өмірді интернетсіз елестету қиын екенін түсіндіреді

Құндылыққа баулу

Еңбек және шығармашылық

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.
Интернет желісінде қызметтің алуан түрі бар. Сондай қызметтің бір түрі- электронды пошта. Бұл-Интернет арқылы ақпарат алмасу үшін пайдаланылатын қызмет.

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.




Оқулық

Сабақтың ортасы
10 мин


15 мин
10 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Видеожазба.
Электронды поштамен жұмыс істеуге арналған арнайы қызметтің түрлері көп.Қазіргі таңда дүниежүзі бойынша адамдардың басым бөлігі @gmail.com пошта қызметін пайдаланады. Сонымен қатар қолданушысы көп қызметтік пошталардың бірі- @mail.ru пошта қызметі. Mail.ru –ресейлік ірі байланыс порталы. Кез келген жаңадан бастаған тұтынушы пошталық қызметке тіркеліп, өзіне тегін электронды пошта жәшігін аша алады. Электронды пошта жәшігінің адресі былай көрсетіліп жазылады: тұтынушының аты @пошталық қызметтің аты.
Көрсетілім. Видеожазба.
Пошта жәшігіне тіркелгенде логин және пароль ретінде өзіміз ұмытпайтын символдарды қойған тиімді. Кейбір адамдар өзіне ыңғайлы болу үшін логинге туған күні, айы, жылын есіміне қоса тіркеп алады.

1-тапсырма.


Mail.ru қызметтік поштасына тіркел.

Дескриптор:


- Mail.ru қызметтік поштасына тіркеледі;
-тіркелген пошталық адресті жазып алады.

ҚБ: «Смайлик» әдісі


2-тапсырма.


-Не себепті қазір Интернетсіз өмірді елестету қиын?
Дескриптор:
- Неліктен өмірді интернетсіз елестету қиын екенін түсіндіреді.

ҚБ: «Смайлик» әдісі



Мұғалімді тыңдайды

Видеожазбаны көреді


1-тапсырманы орындайды


2-тапсырманы орындайды






Интербелсенді тақта
Презентация
Оқулық
Компьютер

Оқулық


Сабақтың соңы
5 мин

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс:

Өзін-өзі бағалау.




Плакат слайд

Үй тапсырмасы

§ 27, 45-46 бет













Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет