Сабақтың тақырыбы: Қырғыз (Қазақ) акср-нің құрылуы Оқу мақсаты



бет2/3
Дата10.12.2023
өлшемі24,43 Kb.
#136846
түріСабақ
1   2   3
1-тапсырма.
Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазревком қай жылы құрылды және оның құрамына кімдер тағайындалды?

  2. Қазақ революциялық комитетінің мақсаты мен міндетін атаңыз?



Дескриптор:

Қазревкомның құрылған жылын және құрамын анықтайды


Қазақ революциялық комитетінің мақсаты мен міндетін анықтайды


Жауабы:

  1. 1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин «Қазақ (қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декретке қол қойды. Қазақ ревкомының басшысы болып ұлты поляк, кеңестік тұңғыш комиссар С. Пестковский тағайындалды. Ревком құрамына В. Лукашев, Ә. Жангелдин, А. Байтұрсынұлы, М. Тұнғаншин, С. Меңдешев, Б. Қаратаев енді. Кейін оның құрамына А. Авдеев, Ә. Әйтиев, Ә. Әлібеков, С. Арғыншиев, Х. Ғаббасов, Т. Седельников, С. Сейфуллин, В. Радус-Зенькович тартылды.




  1. Қазақ Революциялық комитетінің мақсаты мен міндеті – контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу, өлкеде мемлекеттік шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай жасау, Қазақстанда кеңестердің құрылтай съезін әзірле



2 тапсырма.
Берілген жылдарды оқиғаларына сай сәйкестендіріңіз.



Жылдар




Оқиғалар.

1

1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында

А

РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды.

2

1920 жылы 26 тамызда

В

Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезі өткізілді.

3

1920 жылы 4 қазанда 

С

Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық қызу жүріп жатты.

Дескриптор:

  • 1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында болған оқиғаны анықтайды.

  • 1920 жылы 26 тамызда болған оқиғаны анықтайды.

  • 1920 жылы 4 қазанда болған оқиғаны анықтайды.



Жауаптары:
1 – С, 2 – А, 3 – В.


Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Бағалау критерийлерін ұсыну

Оқулық. Қазақстан тарихы 9 (8) «Атамұра» 2019, 70 - 75 бет



3 минут



Бекіту






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет