Есеп қандай түрге жатады? (Қанша қалғанын табуға). Мұғалім оқушылардан бұл есепті неге осы түрге жатқызуға болатынын түсіндіруді сұрайды. |
Мәселелік жағдаятты түсінеді.
Қанша қалғанын табуға берілген есеп екенін анықтайды.
|
Оқушылардың білімі мадақтау арқылы бағаланады
|
Оқулық, дәптер.
|
|
Өзіндік жұмыс.
Оқулықтағы №2 тапсырманы ұсынады.
Ол үшін бірінші есептің нені табуға берілгенін анықтайды (Қосындыны).
Екінші нені табуға берілген есептің түрі? (Қанша қалғанын табуға)
|
Тапсырманы өз бетімен орындайды.
а) Қыз - 5
Ұл – 4 ?б. Шешуі: 5+4=9
Жауабы: 9 бала.
ә) Шықты – 9 б.
Жетті – 6 б.
Қалды - ?б. Шешуі: 9–6=3
Жауабы: 3 бала.
|
“Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау
|
Оқулық, дәптер.
|
|
Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс. Оқулықтағы №3тапсырманы орындауды ұсынады..
Есепте. Досыңнан тексеруін сұра.
«Сиқырлы» сандарды тап.
Бірінші өрнекте бірдей үш велосипедтің қосындысы 90-ға тең. Қандай бірдей үш қосылғыштардың қосындысы 90-ға тең? (30) 30+30+30=90
Енді үшінші өрнекті қарастырамыз.
Екі велосипедтің қосындысы 50-ге тең.
Бірінші велосипед, яғни бірінші қосылғыш белгілі, ол 30-ға тең. Қосуға кері амал азайтуды пайдаланып екінші қосылғышты табамыз. 50-30=20
Осыдан кейін екінші өрнекті қарастырамыз.
Екі қосылғыш белгілі, үшінші қосылғышты табу үшін азайту амалын пайдаланамыз. 20+20=40 80-40=40
Жауабы: Сиқырлы сандар – 40, 30, 20.
|
Ондықтарды қосуды және азайтуды орындайды.
100 – 100=0 70 + 20=90
60 + 20=80 40 – 20=20
80 + 10=90 40 + 20=60
«Сиқырлы» сандарды табады.
|
Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады.
|
Оқулық, дәптер.
|
Соңы
Кері байланыс
|
Сынып бөлмесінің әр жеріне «иә», «жоқ», «білмеймін» деген сөздер жазылған парақтар ілінеді. Балалар қойылған сұрақтар бойынша парақшалар жанына жиналады.
|
|
|
«Иә», «Жоқ»», «Білмеймін» сөздері жазылған парақшалар
|