а)Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңктерін байқату. Сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге үйрету.
ә)Қыстырма сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру.
б)Дұрыс, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
*Қыстырма сөздерді таба алады.
*Қыстырма сөздердің тыныс белгілерін қоя біледі. *Қыстырма сөздерге сөйлемдер құрастыра алады
Керекті жабдықтар:
Алматык. 2015. 84,85-бет
Қазақ тілі оқулығы 4 сынып , жұмыс дәптері, интербелсенді тақтада көрсетілген презентациялар, сөздер жазылған парақшалар, жеке суреттер.
«Өрмекші торы» арқылы оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын сұрайды
Ой қозғау
Бос орынға тиісті сөзді қойыңыз: 1. , ертең тоған басындағы суды бұзуға баратыныңызды ескертіп қояйын.
2.Осы жағдай жайлы білмеген шығар, .
3. , ол енді осы ауылға оралмай ма?
4. Бүлдіріп қойған соң, , мен жасадым деп мойындаушы ма еді?
Керекті сөздер:айтпақшы, мүмкін, сіздіңше, әрине.
Ереже: Сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін сөзді қыстырма сөз деп атайды. Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды. Мысалы: Осының бәрін, әрине, жалғыз істей алмайсың? Жаңылмасам,сені бір жерден көрдім.