Кейбір оқушылар орындай алады: оқушылар мәтіндегі перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, көтерілген мәселе бойынша өз ойларын тұжырымдап, талқылап, мәтіннің мазмұнын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі деректердің анықталған, жіктелген маңызды тұстарын қорытындылайды.
Бағалау критерийлері
перифраз түрінде берілген сұрақтарға мәтіннен қажетті ақпаратты табады;
көтерілген мәселелерді анықтап, өз ойын тұжырымдайды;
тыңдалған мәтіннің құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі деректердің маңызды тұстарын анықтайды;
талқыланған маңызды тұстарын жіктейді және қорытындылайды.
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады: мәтін құрылымын сақтайды, деректердің маңызды тұстарын анықтап жазады, сұрақтарға мәтіннен қажетті ақпараттарды табады, ойын тұжырымдап, жіктейді, қорытындылайды.
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қызыл кітап, қызыл кітаптың түрлі-түсті парақшалары, жойылу.
Талқылауға арналған сұрақтар: «Қызыл кітап» қажет пе?
Құндылықтарға баулу
Азаматтық жауапкершілік немесе Қазақстандық патриотизм.
Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жахандық тұрғыдан қатысуы.