Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№1- тапсырма:
Төменде берілген сөздердің қайсысы кәмілетке толған немесе кәмілетке толмаған жастарға қатысты екендігін анықта және жасөспірімдік кезең туралы ой бөліс.
|
Айтылым:
Жасөспірімдік кезең туралы ой бөліседі
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- сөздердің қайсысы кәмілетке толған немесе кәмілетке толмаған жастарға қатысты екендігін анықтайды.
- Жасөспірімдік кезең туралы ой бөліседі.
|
|
|
№9-тапсырма:
«Бала құқықтары» тақырыбында өз ережеңді ұсын. Сөйлемдердің айтылуына қарай тыныс белгілерін дұрыс қойып жаз. Жазу мәнеріңе көңіл бөл.
|
Жазылым:
Сөйлемдердің айтылуына қарай тыныс белгілерін дұрыс қойып жазады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.
|
|