Сабақтың тақырыбы: Қызықты биология интеллектуалды сайысы. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата10.03.2023
өлшемі175,11 Kb.
#73293
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
қызықты биология 16.02.23


Қысқамерзімді жоспар



Тақырыбы: Қызықты биология

Мектеп: «АіSaf-Almaty гимназиясы» ЖМ

Педагогтің аты-жөні:

Қалила Сымбат Кудретиллақызы

Күні:

16.02.2023

Сыныбы: 7 «А» ,7 «Ә»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қызықты биология интеллектуалды сайысы.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту,критикалық ойлауын қалыптастыру

Сабақтың міндеттері:

Дамытушылық, бағытталған тұлға. Әдістемелер мен тәсілдерді сұрыптау.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
9 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, санау арқылы топқа бөлу.
Ақыл – тон аңдығанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын,
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын –
деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:
Топқа бөліну:
І топ-Қыран
ІІ топ – Жұлдыз
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
І кезең – Сенесіз бе, сенбейсіз бе?
ІІ кезең – «Ол кім?Бұл не?»
ІІІ кезең – Полиглот
IҮ кезең –«Құпия жәшік»
Ү кезең - «Үздік оратор»
Сергіту сәті: «Керемет» берілген аудио ойнатқыштағы дыбыс қай танымао кино туындыдан алынңанын табу(Арыстан патша,Мулан)



Оқушыларға өздерін таныстырып өтеді



.




Сабақтың ортасы
24 мин.

I кезең. «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?» кезеңінде әр оқушыға 2 сұрақ оқылады. Сайыскерлер оқылған сұраққа сенемін немесе сенбеймін деп жауап береді. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Ұпайы төмен 2 оқушымен қоштасамыз.
1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе саңырауқұлақты зерттейтін ғылымды микология деп атайды.
1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе паразитті саңырауқұлақпен нан ашытуға болады.
2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе дүниедегі ең биік ағаш – шырша
2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе жануар жасушасында пластидтер кездеседі.
3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе бақаның ескерткіші Франция мен Жапония елдерінде қойылған.
3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе қазақстанда 12 қорық бар
4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе тағамдарды бүлдіретін саңырауқұлақтарға мукорды жатқызады.
4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе адамда 1 бас, 2 қол. 3 аяқ бар
5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе адам бүйректің салмағы 150, жүректікі 250 - 300 г.
5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе ағаштар 300 - 500 жыл жасайды.
6. Сенесіз бе, сенбейсіз бе картоптың отаны Қазақстан.
6. Сенесіз бе, сенбейсіз бе Канада туында емен жапырағы белгіленген
7. Сенесіз бе, сенбейсіз бе жасуша тіршіліктің ең кіші өлшем бірлігі
7. Сенесіз бе, сенбейсіз бе генетика ғылымы жануарларды зерттейді
8. Сенесіз бе, сенбейсіз бе дүниедегі ең кішкентай құс каллибрий.
8. Сенесіз бе, сенбейсіз бе ботаника өсімдіктерді зерттейтін ғылым

Оқушылар Kahoot! бағдарламасы арқылы "true, false"



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет