Сабақтың тақырыбы Ж. Аймауытов. «Ақбілек» романы Сабақта жүзеге асыралатын мақсаттар



бет1/3
Дата15.12.2023
өлшемі325,5 Kb.
#138843
түріСабақ
  1   2   3


Қысқа мерзімді жоспар:

11 «А» сыныбы

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ж.Аймауытов. «Ақбілек» романы

Сабақта жүзеге асыралатын мақсаттар

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін анықтау.
Шығарманың тақырыбы мен идеясын , тарихи құндылығын бағалау.

Сабақтың мақсаттары

Роман желісімен танысып, шығарманы талдау

Құндылықтарды игеру

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

АКТ-ны қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, ноутбук.

Сабақтың нәтижесі

Оқушылар орындай алады: сюжеттік –композициялық жоспар құра алады.
Оқушылардың барлығы орындай алады: әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін анықтай алады;
Оқушылардың көпшілігі шығарма жанрына байланысты сюжеттік желілеріне талдау жасайды.

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурс

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
2.Психологиялық ахуал.
«Сатамын және сатып аламын» тренингі.
Оқушы қасындағы көршісіне (маған) өзінің жағымсыз қасиетін сатып, оның жақсы қасиетін сатып алады.
Мысалы, «Мен еріншектігімді сатып, сенің шыншылдығыңды сатып аламын».

Оқулық

Сабақтың ортасы

1.«Ой қозғау» әдісі
-. Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романының тарихы мен мазмұны бөлімін көрсету.
- «Ақбілек» романы не себепті құнды деп ойлайсыңдар?
«Әдеби әңгіме диалогы»
Әңгіменің құндылықтарын талдау үшін мұғалім оқушымен «әдеби әңгіме диалогын» ұйымдастырады.
2.Топтық жұмыс.
Оқулықта берілген «Ақбілек» романының бөлімдерімен жұмыс. Алдарындағы ноутбукта таныстырылым дайындайды.
Композициялық талдау
1) Бөлімдерді оқи отырып, сюжеттік-композициялық жоспар жасайды:
1-слайд- оқиғаның басталуы;
2-слайд- оқиғаның дамуы;
3-слайд- оқиғаның шиеленісуі;
4-слайд- оқиғаның шарықтау шегі;
5-слайд- оқиғаның шешімі;
Дескриптор:
1.Композициялық талдау жасайды.
2.Жанрлық ерекшелігін ажыратады.
- Дайын таныстырылымды тақтаға шығып қорғайды.
Кері байланыс: «Екі жұлдызша, бір тілек»
3. «Пікір пирамидасы»
1. Шығарма не туралы – 1 сөз
2.Шығармаға сипаттама (ерекшелігі, айырмашылығы)-2 сөз.
3. Әрекет орны мен уақыты -3 сөз
4. Шығармадағы басты оқиға – 4 сөз.
5. Шығарманың басты кейіпкерлері – 5 сөз.
6. Шығарма туралы жеке пікірің – 7 сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет