Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Оқушылар қосымша ресурстардан С.Асылбекұлының «Қазақстан - дүниежүзілік саясат иірімінде» тақырыбындағы мақаласын оқып, хабарлама дайындайды.
|
Дескриптор:
-Мақаланы мұқият оқиды.
-Хабарлама дайындайды.
Жалпы - 5 балл
|
10-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
|
Жеке жұмыс
|
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады, қадағалап, бағыт-бағдар береді.
|
Оқушылар ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазады.
Тақырыбын өздері қояды. Сөз саны - 100 болуы шарт.
|
Дескриптор:
-Ғылыми-көпшілік стильді орынды қолданады.
-Мақала жазады.
-Тақырыбын қояды.
Жалпы - 5 балл
|
10-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|