Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
5.2A Жай бөлшектерге амалдар қолдану
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сыныбы: 5 сынып
|
Қатысқандар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу.
|
Осы сабаққа қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
|
5.1.2.23 Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау және бөлу алгоритмін білу.
|
Сабақ мақсаттары
|
-Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу ережесін меңгерту және есептер шығаруда қолдану дағдысын қалыптастыру.
|
Бағалау критерийлері
|
-Жай бөлшектерді бөлу алгоритмін біледі және бөлуді орындайды;
-аралас сандардыбөлу ережесінбіледі,есеп шығаруда қолданады.
|
Тілдік мақсаттар
|
- Оқушылар жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлудің анықтамасын тұжырымдай алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология
-жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін....керек.
-аралас санды аралас санға бөлу үшін......керек.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Құрмет
Ынтымақтастық
Оқу, шешім қабылдау,жұпта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру,өз уақытын ұйымдастыра білу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Жаратылыстанумен байланыс орнатылады.
|
Бастапқы білім
|
-сандардың ЕҮОБ таба алады.
-Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейте алады.
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(5мин)
|
1.Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу,түгендеу,психологиялық ахуал тудыру.
2.Топқа бөлу
Әр түрлі сандар таңдау арқылы
таңдаған сан:1)дұрыс бөлшек
2)бұрыс бөлшек
3) аралас сан
4)натурал санболыптөрт топқа бөлінеді
Үй тапсырмасын сұрау
Ойын:«Cұрақтарды ұстап ал»
Сұрақ – жауап әдістері арқылы төмендегі сұрақтарға жауап алынады.
1.Жай бөлшектер қалай көбейтіледі?
2.Натурал сан жай бөлшекке қалай көбейтіледі?
3.Аралас сандар қалай көбейтіледі?
4.Өзара кері сандар дегеніміз не?
5.Санның болігі қалай табылады?
6.Қандай жағдайда санның бөлігі сол саннан кіші болады?
7. Қандай жағдайда санның бөлігі сол саннан үлкен болады?
|
слайд
Үлестірме қағаздар
слайд
|
Сабақтың ортасы
15 мин
|
Жаңа тақырыпты "Джигсо" әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп оқуға тапсырма беріледі.
Әр топ бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап,өз топтарына келіп түсіндіреді.
|