Сабақтың ортасы
20 минут
|
ІІІ.Үй жұмысын тексеру.
«Өрмекшінің торы» әдісімен үй тапсырмасын қайталау. Әрбір оқушы келесі оқушыға сұрақ қою арқылы жіптің ұшын ұстады. Осылайша үй тапсырмасын қайталап, сұрақтарға жауап береді. Жіптің көмегімен өрмекшінің торы пайда болады.
«Миға шабуыл» әдісі Суретті сипаттаңыз.
Оқушылар суретті сипаттайды, жаңа тақырыпты бастайды.
Топтық жұмыс. «Карусель» әдісі арқылы оқулықпен жұмыс
1 – топ. Жай механизмдер туралы
2- топ. Күш моменті туралы
3-топ. «Механиканың алтын ережесі» туралы
«Деңгейлік тапсырмалар» есеп шығару.
А
1.Жай механиздер дегеніміз не?
А) күшті өзгертпей, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар
В) күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар
С) күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын реттеу үшін қолданылатын құралдар
2. Блок дегеніміз не?
А) өз өсінің төңірегінде айнала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершін.
В) айналмайтын шетінде науасы бар доңғалақ тегершін.
С) айналатын қарапайым доңғалақ тегершін.
3. Иіндік дегеніміз не?
А) қозғалмалы тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала алатын кез келген дене
В) қозғалмалы тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала алатын доңғалақ
С) қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала алатын кез келген дене
4. Күш моменті дегеніміз не?
А) Күштің уақытқа көбейтіндісі.
В) Түсетін күштің өз күш иініне көбейтіндісі
С) Түсетін күштің өз күш иініне бөлііндісі
В
1.Рычагқа 2,5 Н- ға тең күш әрекет етеді. Егер күш моменты 0,6 Н*м болса, онда иін күші неге тең?
2. Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса, онда ол 10 секундта қанша жұмыс атқарады?
С
1.Серіппелі тапаншадағы серіппенің қатаңдығы 4000 Н/м. Оқтың массасы 5г. Серіппені 2см-ге сығып қысады. Оқ пистолеттен қандай жылдамдықпен ұшып шығады.
2. Массасы 10г оқ 800 м/с жылдамдықпен ағашқа тиеді де 10см тереңдікте тоқтайды. Ағаштың кедергі күшін тұрақты деп есептеп, оның шамасын табу керек.
|
Оқушылар бұл әдісте оқулықтан ізденіп,
сұрақтардың жауабын беріп, келесі оқушыға сұрақ жолдайды.
Оқушылар суретті сипаттайды
Оқушылар топпен жұмыс жасайды.Оқулықпен жұмыс жасайды.
|
Дескриптор:
- Сұрақтарды дұрыс қояды
- Дұрыс жауап бере алады
Жалпы балл-2
Дескриптор:
1.жай механизмдерді анықтай алады
2.Мысалдар келтіре алады
3. Күш моментінің формуласын біледі.
4.Есептер шығара алады.
5.Механиканың алтын ережесін тұжырымдай алады
6.Ережесін анықтай алады
Жалпы балл-6
Дескриптор:
1.Есептің берілгенын жаза алады
2.Формуланы анықтайды.
3.Формуланы түрлендіреді
4.Күрделі есептерді шығарады
Жалпы -4 балл
|
Тоқыма жіп
Сурет
Плакат,
маркер.
Топтық бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»
Бағалау: «Бағдаршам»
|
Сабақтың соңы.
10мин
Рефлекция
Бағалау
Үй тапсырмасы
|
Сабақты пысықтау
«Кластер әдісін» әдісін қолдану арқылы сабақты пысықтайды. Жай механизмнің түрлерін сипаттайды. Механиканың алтын ережесін тұжырымдайды.
- «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдай аласындар ма? -- қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіре аласыңдар ма?
- күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіңдере аласыңдар ма?
Үйге тапсырма: Жай механизмдер. Практикалық тапсырма, эксперименттік зерттеулер 161 бет.
|
Оқушылар осы сабақты қаншалықты түсінгендерін, өз ойларын қағазға жазып, бүгінгі сабақтан алған деңгейін жетістк сатыға жапсырады.
|
Сабақтағы тапсырмалардың жалпы бағалау критерий-10 баллдық жүйемен бағаланады.
|
Блок, рычаг
|