Сабақтың тақырыбы: «Жаныңда жүр жақсы адам»



бет1/4
Дата02.02.2023
өлшемі19,36 Kb.
#64586
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Документ (5)


Сынып: 4 «д»
Сабақтың тақырыбы: «Жаныңда жүр жақсы адам»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Кешіре білу, адалдық, риясыз қызмет ету, жанашырлық
Сабақтың мақсаты:
-оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағатын туралы өткен сабақта алған түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-оқушыларды адамдардың өзара қарым-қатынасындағы ынта-ықылас, жан жылуы мен жақсылықты сезініп, бағалай алуға үйрету.
-оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейрімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын әрі қарай дамыту;
-оқушыларды сүй іспеншілікке, сезімталдыққа, сыпайлыққа, жақсыны сезіне білуге тәрбиелеу.
Жұмыс түрі: Топтық.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар түрлі- түсті, үнтаспа, карточкалар, ойыншық.
 Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен сәлемдесу.
- сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушыларды түгендеу.


Шаттық шеңбері
«Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен» - деп мұғалім оқушыларды ортаға жинайды. Үнтаспадағы баяу музыка орындалады. Әр бір оқушы сөзін:«Жаныңда жүр жақсы адам» -деп бастап, көрші сыныптасының бойындағы құндылықтарын айтып, бір-біріне шығармашылық табыс, көтеріңкі көңіл күй, зор денсаулық тілейді. Осы ретпен оқушылар әрқайсысы өз тілектерін жалғастыра береді.
Топпен отырғызу рәсімі шарлар арқылы.


Жаңа сабақ
Дәйексөзді талдау «Жақсы болсаң- жақын көп» халық даналығы.
Жақсы, жақын сөздерін аша білу.


Өзін- өзі тану әлеміне шолу
-“Өзін-өзі тану” пәні ұнай ма?
- Пәннен қандай нәрселерді үйрендің?
-“Өзін-өзі тану” пәнінің мақсаты қандай деп ойлайсың?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет