Сабақтың тақырыбы: Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары, жазық айналар



Дата03.04.2022
өлшемі493,21 Kb.
#29687
түріСабақ
Байланысты:
06.04.2022ж


Қысқа мерзімді жоспар

Білім беру ұйымының атауы

№72 жалпы білім беретін мектеп

Пәні:

физика

Бөлім:

8.4 А Жарық құбылыстары

Педагогтің аты-жөні:

Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы

Күні:

06.04.2022ж

Сынып: 8 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары, жазық айналар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.5.1.2 – эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау;

8.5.1.3 – айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру;



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Жарықтың шағылу құбылысы, шағылу заңын біледі

Көптеген оқушылар істей алады: Эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін жарықтың шағылу заңы негізінде анықтайды

Кейбір оқушылар істей алады: Айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және ерекшеліктерін түсіндіреді

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру


Сабақтың басы

10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут


Бекіту

10 минут


Кері байланыс

Сабақтың соңы

10 минут



Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру

Топқа біріктіру

«Көбелектер » әдісі арқылы оқушылар топқа бірігеді. Түрлі-түсті стикер көбелектерді тақтадан алу арқылы оқушылар екі топқа бірігеді





Жаңа сабақ

«Кинометафора» әдісі – бұл әдіс арқылы тақырыпқа байланысты бейнефильм көрсетемін. Жарықтың шағылуы және шағылу заңдары ұғымы жайлы түсінік бере отырып, оқушы бойында тыңдалым, айтылым, сыни ойлау дағдысын қалыптастырамын.

Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты ашып аламын:

1. Жарықтың шағылу жайлы не түсіндік?

2. Жарықтың шағылу заңдары жайлы не айта аламыз?

3. Шағылудың қандай түрлері бар?



«Джигсо» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу үшін эксперимент жасатамын. Алынған нәтижені топта талқылап, тұжырымдайды.

Тапсырма: Эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін жарықтың шағылу заңы негізінде анықтаңдар

1-топ:

Арнайы шайбаға (дөңгелекке) бекітілген кішкене айнаға оған тұрғызылған перпендикулярмен 50° бұрыш жасайтын 1­сәулені түсіріңдер.



2-топ:

Арнайы шайбаға (дөңгелекке) бекітілген кішкене айнаға оған тұрғызылған перпендикулярмен 35° бұрыш жасайтын 1­сәулені түсіріңдер.


Сонда қандай құбылысты көресіңдер?

Түсу бұрышын өзгерте отырып қандай жағдайды байқауға болады?



Түскен сәуле мен шағылған сәуле қандай жазықтықта жатады?

Бекіту тапсырмалары



Есептер шығару-Жеке жұмыс



«Суреттер сөйлейді» әдісін пайдаланып жарықтың шағылу түрлерін ажыратады, ерекшеліктерін түсінеді, өмірден мысалдар келтіреді.

1. Айналық және шашыранды шағылу жайлы түсіндір.



2. Айналық және шашыранды шағылулар қай жерлерде кездесетініне мысалдар келтір және ерекшеліктерін түсіндір
1-топ. Шашыранды(диффузиялық) шағылу


2- топ. Дұрыс(айналық) шағылу



Жаңа тақырыпты бекіту



«Тест жұмысы»

  1. Екі түрлі ортаның шекарасына түскен кезде жарық сәулесінің таралу бағытының өзгеру құбылысы

А. Сыну В. Шағылу С. Түсу

2. Түсу бұрышы мен шағылу бұрышы ........жатады

А. Бір жазықтықта С. Әр түрлі жазықтықта

В. Перпендикуляр

3. Түсу бұрышы шағылу бұрышы(-на,-нан)

А. Кіші В. Үлкен С.Тең

4. Шағылу түрлері

А. 3 В. 2 С. 4



5. Кедір­бұдыр беттен шағылу ........шағылу деп аталады

А. Диффузиялық В. Айналық С. Дұрыс

6. Тегістелген, жылтыр беттен шағылу ........шағылу деп аталады

А. Диффузиялық В. Айналық С.Шашыранды

Кері байланыс

Тағы не білгіңіз келеді?”-әдісі арқылы оқушылардың пікірлері тыңдалып, кері байланыс жүргізіл


Үйге тапсырма §33



Үйге тапсырма § §37

Жарықтың шағылу заңдары. Жазық айна

(184-187 беттер) оқу, тақырып соңындағы және «Табыс» баспалдағының сұрақтарын талдау, таныстырылым бойынша (12, 13)

есептерді шығару


Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады

Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды

Әр жұп бір тапсырмаға жауап береді, басқа жұп өз тапсырмаларын бағалайды.

Дескриптор


Оқушылар кері байланыс береді



Дескриптор


Сұрақтарға жауап береді

Есептің шешімін слайдттан қарап тексереді

2-балл

Дескриптор:



• Жарықтың шағылу құбылысы жайлы түсінеді

• Жарықтың шағылу заңдарын біледі.

• Шағылудың түрлерін ажыратады.

Дескриптор:

• Жарықтың шағылуын байқайды.

• Түсу бұрышы мен шағылу бұрышы тең екенін түсінеді.

• Түсу бұрышы мен шағылу бұрышы бір жазықтықта жататынын көреді.

Дескриптор

• Айналық және шашыранды шағылу жайлы түсіндіреді.

• Айналық және шашыранды шағылуларға мысалдар келтіреді және ерекшеліктерін түсіндіреді




Формативті бағалай 10 балл

ФИЗИКА 8 сынып оқулық



«Дидактикалық материалдар

Смайликтер



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет