Сабақтың тақырыбы Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. Сабақ негізделген оқу



бет1/3
Дата30.03.2023
өлшемі274,72 Kb.
#77454
түріСабақ
  1   2   3

Оқу ісінің меңгерушісі:


Күні: 07.04.2021

Мұғалім:




Сынып: 8

Қатысқан:

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Жарықтың түзу сызықты таралу заңы.




Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)

8.5.1.1 Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу;






Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Жарық құбылыстарының физикалық мағынасын толық білу, шығарған есептерді, заңдылықтарды қолдана отырып түсінеді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Жарықарық,көздері,күн – жұлдыз,жарықтың түзу сызықты таралу заңын,көлеңке және жартылай көлеңке екенін түсінеді.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.




Бaғaлaу кpитеpийi

Жеке тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.




Тiлдiң мaқcaттap

Пәндік лексика және терминология
Шағылу, жазық айна, нормаль, түсу бұрышы, шағылу бұрышы, түскен сәуле, шағылған сәуле, жалған кескін, нақты кескін.




Алдыңғы білім

Электромагниттік индукция. Генератор




Пәнаралық байланыс

математика




Қолданылатын әдіс-тәсілдер

АКТ







Жоспар




Жоспарланған
уақыттар

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин



Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, түгендеп, сынып тазалығын, оқу құралдарының түгендігін тексеру.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 5 минут
Қызығушылықты ояту:
Оқушылар өздерін кемеде отырғандай елестетіп, көз алдарына не елестегені, қандай сезім болғанын әңгімелейді. (толқын, шағала дыбысы)
Сабақтың тақырыбы, оқыту мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.


Үй тапсырмасын тексеру.
«Өзіңді тексер» әдісі арқылы есепті тексеру

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 5 минут
Оқушылар өздерін кемеде отырғандай елестетіп, көз алдарына не елестегені, қандай сезім болғанын әңгімелейді
Үй тапсырмасын тексеру.
«Өзіңді тексер» есепті тақтадан дұрыс жауабымен тексеру



ФБ: «жұлдызша беру» әдісі арқылы




Жаңа сабаққа кіріспе
10 мин


Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.


«Жигсо» әдісі
(Әрбір топ берілген тақырып бойынша негізгі түйінін айту. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мин) басқа оқушыларға тақырыпты түсіндіру.)
Сұрақтар:
1) «Жер» тобына – Қандай денелер жарық көздері бола алады? .
2) «Жұлдыз» тобына - Күн қандай химиялық элементтерден тұрады?
Күн жұлдызының өлшемі.
3) «Ай» тобына – Жарықтың таралуы. Жарық жылдамдығы.
4) «Күн» тобына – Күннің ішкі құрылысы қандай?
«Білгенімді зердеме тоқу». Сабақты пысықтау.
Тәжірибе - физика ілімінің атасы
«Физика 7-11 сынып» электронды оқулығы арқылы осы тәжірибелерге сай видеоматериал көрсетіледі.
Тәжірибе көрсету.
1. Жарықтың түзу сызықпен таралуы .
2. Күннің, айдың тұтылуы.
Жарық және жарық құбылыстары туралы ілімді физиканың оптика (грек сөзі, көрінетін, көруге болатын дегенді білдіреді) деп аталатын бөлімі қарастырады.
Жарық нені білдіреді?
Жарық –заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып табылатын фотондар ағыны.
Фотондар ағыны энергияны жарық көздерінен жарықталған денелерге жеткізеді. Бұл энергияны жарық энергиясы немесе жарықтың сәуле шығару энергиясы деп аталады.
Фотондар жылдамдығы жарықтың таралу жылдамдығы болып табылады. Жарық жылдамдығы әр түрлі заттарда түрліше болады. Тәжірибе арқылы вакуумдегі жарық жылдамдығы с-300 000 км/с-қа тең. Мұндай жылдамдықпен бірде –бір дене, бірде-бір заттың бөлшектері қозғала алмайды.
Вакуумде с=300 000 км/с
Ауада с= 299 711 км/с
Суда с=225 000 км/с
Шыныда с= 200 000 км/с
Вакуумдегі жарық жылдамдығы – табиғатта мүмкін болатын үлкен жылдамдық.
Жарық көздері – жарық шығаратын денелер.

Әрбір топ берілген тақырып бойынша негізгі түйінін айту. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мин) басқа оқушыларға тақырыпты түсіндіру

ФБ: «жұлдызша беру» әдісі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет