Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырады.
Жинақы мәтін жазады.
Пікір-көзқарастарын жүйелеп айтады.
Тамақтану және дәрумендердің пайдасы мен зиянын түсінеді.
Одағай түрлерін ажыратып, қолданады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурс-тар
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту
4 минут
1.Сәлемдесу
2.Ынтымақтастық орта қалыптастыру мақсатында оқушылар жұптасып тұрып «Сәлеметсің бе!» әдісі орындалады.
3. Оқушыларды түгендеу.
Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді.
Бас бармақтан бастайды: - бүгінгі сабақта (бас бармағын тигізеді); - мен саған (сұқ саусақ); - денсаулық (ортаң терек);
Өткен сабақты еске түсіру
Өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Сабақтың тақырыбын анықтау үшін сұрақтар қойылады.
Дәрумен дегеніміз не?
Дәрумендердің қандай пайдасы бар?
Оның қандай түрлерін білесіндер?
Адам ағзасында қандай дәрумендер болады?
Оқу мақсатымен таныстырылады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Осы арқылы жаңа тақырыпты ашады.
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру