Сабақтың соңы
4 минут
Рефлексия
4 минут
|
«Бес саусақ» тәсілі арқылы жаңа сабақтағы алған білімдерін бекітеді.
Үйге 138-беттегі 10-тапсырма беріледі.
Рефлексия «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы мұғалім оқушылардың тақырыпты қай деңгейде меңгергендерін анықтайды.
|
Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
Балаң үйрек – бірлесу. Мен жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – шынайлылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?
Қазақ халқының сүттен жасалған өнімдері туралы фотоколлаж дайындап келіп, сыныпта қорғайды.
Оқушылар «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы өздерін-өздері бағалайды. Яғни «Тапсырманы орындау маған қиын болғандықтан, орындай алмадым», «Тапсырманы орындауда қиналғандықтан, жартылай ғана орындадым», «Тақырыпты түсінгендіктен, тапсырманы орындап шықтым».
|
1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|