Сабақтың тақырыбы Жеке шығармашылық қабілет



Дата06.01.2022
өлшемі47,5 Kb.
#13690
түріСабақ
Байланысты:
дене шынықтыру 2 сынып


Ұзақ мерзімді жоспар: Топтық ойындар арқылы әлеуметтік дағдылар.

Күні:02.05.20ж



Әдіскер: Авакриев Э.Х.

______________



Тәжірибе жинақтаушы: Қайратқызы А.


Қашықтықтан оқыту Пәні: Дене шынықтыру

Сынып: 2

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жеке шығармашылық қабілет

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.1 Өз бетінше байланыстыруды үйреніп, негізгі қозғалыс машықтарын түсінеді және жақсартады.

2.2.4.1. Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді талқылайды және көрсетеді.



Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Денені қыздыруды және қалпына келтіруді түсіну және орындау.

Өз бетінше байланыстыруды үйренеді, негізгі қозғалыс машықтарын түсінеді және жақсартады.


Бағалау критерийі

Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді талқылайды және көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ескертулер

Дайындық бөлімі:

Ұйымдастыру кезеңі:

-Сапқа тұру;

-Түгендеу, сәлемдесу; -Оқушылардың спорт киімдеріне көңіл бөлу; -Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлу;

-Арақашықтықты сақтау;

-Сабақтың мақсатымен таныстыру.

- Жаттығу кезіндегі қауіпсіздік ережесі:



  • Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауға болмайды.

  • Секіру кезінде секірушінің екпіндей жүгіретін жолында және оның секіріп түсетін жерінде тұруға болмайды.

  • Спотр құралдарында (үлкен, кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т.б. жаттығу орындағанда) секіргенде міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсуі керек.

  • Арқан бойымен төмен түскенде екі қолмен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.

  • Акробатикалық және гимнастикалық құралдарда орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз немесе команда берілмей бастауға болмайды.

  • Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

  • Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спотр құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды.

  • Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек. Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға бомайды.

  • Сабақта, үзіліс кезінде басқа да орындарда мұғалімнің ақыл-кеңесін мұқият тыңдап алмай, күрделі жаттығулар орындауға болмайды.

10 мин


Негізгі бөлім:

Эстафета ойындары

(К, Г) Ойын эстафеталарын жүргізу, оқушыларды 2 топқа бөлу, аралықты 10-12 метр ету:

1-нұсқа:


- жылан болып жүгіру

- жұптармен жүгіру

- ұзындыққа орыннан секіру

- көздеп лақтыру

2-нұсқа:

- оң аяқпен секіру

- сол аяқпен секіру

- көшбасшының артынан жүгіру

- капитанға доп беру

(К, Г) Оқушылар 2 топқа бөлінеді және жалпы старт сызығынан тізбекке бір-бірлеп тұрады. 3 м аралықта жүгіру сызығынан көлденең тұста орындықты орналастыру. Орындықтан 3 м аралықта және оған параллель сызықтарды жүргізу. Осы сызықтан 5 м аралықта диаметрі 1 м шеңберлерді топ саны бойынша сызу. Волейбол добы бойынша әр топтың бірінші ойыншылары. Мұғалім әр топқа төрешіні тағайындайды. Мұғалімнің сигналы бойынша ойыншылар орындыққа қарай жүгіреді және одан секіреді, содан кейін сызықтардың жанында тоқтайды да шеңберге түсу үшін допты лақтырады. Бұдан кейін доптың артынан жүгіреді, оны көтереді, кері қайтқанда қайта орындық арқылы секіреді, өз тобына қарай жүгіреді және жалпы сызықтан допты келесі ойыншыға береді. Ол осы әрекетті қайталайды. Айып саны аз болып эстафетаны ерте аяқтаған топ жеңеді.


7 мин

8 мин


Қорытынды бөлім:

Үй тапсырмасы.

-Бастапқы қалыпқа келу;

-Сабақты қортындылау;

-Лектен шығарып салу.




5мин



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет