Сабақтың басы
|
Ой сергіту
«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып,
«Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз», – дейді. Әр қатысушы жүрекшені алып, жалғастырады. Бірақ бір оқушы айтқан тілекті басқа оқушы қайталамауы керек. Қайталаса айыбын өтейді.
Айтылған сөздің авторының тапсырмасын орындайды.
Үй тапсырмасын пысықтау
Оқушылар өткен тақырып бойынша дайындап келген тест тапсырмаларын бір-бірлеріне береді. Жауаптарын бірге талдайды.
Бір-бірлерін бағалайды.
|
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
|
|
|
Сабақтың ортасы
|
Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау
Желіде жұмыс жасағанда қандай ережелерді ұстанасың?
Этикет, желілік этикетті қалай түсінесің?
Авторлық құқық, плагиат дегеніміз не?
Оқулықпен жұмыс. (Мұғалімнің көмегімен)
Мұғалім түсіндірмесі
Суреттерді мұғалім түсіндірерде миға шабуыл сұрақтарын пайдаланады. Бұл жерде мұғалім балалардың күнделікті тұрмыста үлкендерден көріп жүрген компьютерде файл, бума, жарлықтармен жұмыс жасау сәттері жайлы әңгімелеуге шақырады.
-мұғалім интербелсенді тақтадан Әдістемелік түсіндірме бойынша жұмыс жасайды. Балалар мұғалімнің айтқан қадамдарын бірлесіп орындайды. Топтық жұмыс: «Айналдыру» әдісі
1-топ: Желіде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен желілік этикет.
2-топ: Электронды поштада хат жазудағы сыпайылық ережелері.
3-топ: Чаттардағы желілік этикет.
Компьютермен жұмыс
Электронды пошта арқылы бір-бірлеріңмен қызмет төңірегінде танысып, мәліметтер алыңдар.
Жұптық жұмыс
Бүгінгі таңда құрдастарың желіде қарым-қатынас құрудың қандай түрлерін қолданады? Не себепті? Талдау жасаңдар. Дәлелді мысалдар келтіріңдер.
Оқушылардың жұмыстары «Температура» әдісі бойынша бағаланады. Термометр шкаласына оқушылардың аттарын стикерге жазып жапсыру.
|
Мұғалімді тыңдайды
Дескриптор
Желілік этикет ережелерін анықтайды, салыстырады.
Дескриптор
Электронды поштада желілік этикет ережесін сақтайды.
Дескриптор
Желілік этикеттің қажеттілігін тұжырымдайды.
|
Стикер
3 балл
Стикер
3 балл
Стикер
4 балл
|
Оқулық
Bilimland.kz
Плакат, маркер
Компьютер
Плакат, маркер, стикер
|