Тәжірибелік жұмыс.
-Оқушылар,біз қазір табиғат аясына саяхатқа шығатын боламыз.Саяхатқа қажет себетке біз жемістерімізді жинауымыз қажет.
-Оқушылар,енді жемістерді өзіміз дайындап көрейік.Қазір жемістердің суретін бояп,себетімізге жемістерімізді әсемдеп салатын боламыз.
Қажетті құрал-жабдықтар.
1.Түрлі-түсті қалам.
2.Қайшы.
3.Желім.
Қауіпсіздік ережелері:
1.Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
2.Қайшыны тек өз жұмыс орныңда ғана пайдалан.
3.Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
4.Қаламды ешкімге нұсқама.
5.Қаламды қажет уақытта ғана пайдалан.
6.Желімнің қақпағын абайлап аш.
7.Қағазға ұқыпты,керегінше жақ.
Жасалу жолдары.
1.Жемістердің суретін түрлі түсті қаламмен боя.
2.Боялған жемістерді,қайшымен қиып ал.
3.Себеттің суретін түрлі түсті қаламмен боя.
4.Жемістерді себетке желімде.
-Оқушылар,біздің жемістерден жасаған ассортиіміз дайын.Енді жемістерді себетке салып,табиғат аясына саяхатқа шығайық.
|
Табиғат аясына серуенге шығатынын біледі.
Себетке салатын жемістерді дайындайды.
Қажетті құралдармен және қауіпсіздік ережелерімен танысады.
Жұмыстың жасалу жолын біледі.
Жемістердің суретін бояйды.
Боялған жемістерді қиып алады.
Себеттің суретін бояйды.
Жемістерді себетке желімдейді.
|