Сабақтың тақырыбы Жер сфералары дегеніміз не? Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата29.03.2022
өлшемі298,81 Kb.
#29146
түріСабақ

Бөлім:

Жер және Ғарыш.

Машықкердің аты-жөні

Жақсыбаева Аружан Жасұланқызы

Күні:




Сынып:

3 «Б»

Сабақтың тақырыбы

Жер сфералары дегеніміз не?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.3.1.1 жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуу

3.4.2.1 ғарышты игерудің кейбір айтушы оқиғалары туралы әңгімелеу




Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы: жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу,ғарышты игерудің кейбір айтушы оқиғалары туралы әңгімелеу

Оқушылардың көпшілігі: жердің қандай қабықтары болатынын біледі.

Оқушылардың кейбірі: жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды.



Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы



Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Үлкенге де Сіз,

Кішіге де Сіз,

Сәлем бердік баршаңызға Құрметпенен біз!



Алдыңғы білімді еске түсіру! (ұжымда)

«Еркін талқылау» Бұны шағын топта қалай болса, сондай-ақ барлық сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Адамдар егін шаруашылығымен не үшін айналысады?

Қазіргі егін шаруашылығын бұрынғы егін шаруашылығымен салыстырады.

Ширату тапсырмасы. «Кубизм» әдісі

1. Жыл мезгілдерін атап шығыңдар

2. Күзде ауа райы қандай болады?

3. Ал қазір қай мезгіл?

4. Қыстан кейін қандай жыл мезгілі болады?

Жаңа сабақ.

Жер сфералары дегеніміз не?





Мағынаны тану

Суреттер арқылы жаңа сабақты түсінеді.

1. Атмосфера – бұл ауа қабығы. Ол ғаламшарымызды айнала қоршап тұр.

2. Литосфера – ол жердің қатты қабығы. Ол жерді тұтас қаптап жатыр. Оған тау, дала, шөл, мұхит пен теңіз түбі жатады.

3. Гидросфера –жердің су қабығы. Ол мұхит пен теңіз, өзен , көл суларынан тұрады.

4. Биосфера- өсімдіктер, құстар, аңдар, бунақденелілер, суқойма жануарлары, сондай-ақ адамзат тіршілік ететін Жер қабығы.




Қай жерде орналасқан?

Суреттерге қарап.Олар жер қабығының қайсысында орналасқан?



«Венн диаграммасы» әдісі

Сфералардың ерекшілігін жазу.




-Амандасады


Дескриптор:

Үй тапсырмасын еркін талқылайды.




Дескриптор: «Кубизм» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді-

2балл


Дескриптор:

Оқулықтағы ақпараттарды оқиды.

Суреттермен байланыстары отырып талқылайды -3 балл

Дескриптор:

сфералардың ерекшелігін анықтайды – 3 балл



«10 баллдық жүйе» бойынша жүргізіледі

1 фишка – 1 балл



Кубик


суреттер

Сабақтың соңы

Қорытынды

«3 минуттық эссе» әдісі

«Жер Сфералары» туралы 3 минуттық эссе жазу



Рефлексия

«Алма ағашы» әдісі



Бағалау.

Үй тапсырмасы: Жер сфералары туралы қызықты ақпараттар жинақтау

Эссе жазады



Сабаққа баға береді







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет