Жұптық жұмыс.Қалыптастырушы жұмыс 1- тапсырма:Литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін және салдарын анықтайды. (дрейф, субдукция, коллизия, спрединг).
«Ойлан–жұптас-бөліс» әдісін ұйымдастыру.2 оқушы литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін және салдарын суреттерге қарап талқылайды, суретті қолдану арқылы литосфералық тақталалардың қозғалыс түрлерін жазады. Бұл жұмыста оқушылар суретарқылы бір-бірінің ойын тыңдайды, жұптасып жұмыс жасай алады. Тыңдалым, айтылым және жазылым дағдысын қалыптастырады.
Бағалау:«Бағдаршам» арқылы бағалау
Жеке жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс Кескін картамен жұмыс: 2- тапсырма. Кескін картаға литосфералық тақталардың шекараларын және негізгі қатпарлы аймақтарын түсіреді. Оқушылар литосфералық тақталар бойынша алған білімдерін қолдана алады. Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады. Жеке әр оқушыға кері байланыс беріліп отырылады.
Бағалау:Бірін-бірі тексеру кезінде стикерлер арқылы бағалайды. «Жасыл» стикер дұрыс, «қызыл» стикер дұрыс еместігін білдіреді.
Оқушыларға «Жердің тектоникалық құрылымы» бойынша бейнематериал көрсетіледі. Бейнематериал арқылы келесі тапсырманы орындайды.
Топпен жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс Картамен жұмыс: 3- тапсырма. Атлас картаны пайдалана отырып, жоспар бойынша литосфералық тақталарды анықтаңыз.
/Еуразия тақтасы, Африка тақтасы, Солтүстік Америка тақтасы, Оңтүстік Америка тақтасы, Үнді-Австралия тақтасы, Тынық мұхит тақтасы, Антарктида тақтасы, Наска тақтасы/
Тақтаның атауы
Шекараласатын тақталар
Қозғалу жылдамдығы
Қозғалу бағыты
Мұғалім оқушыларға Жердің тектоникалық құрылымы картасымен жұмыс жасауды ұсынады.
Оқушылар карта бойынша литосфералық тақталардың атаулары мен шекараларын анықтайды, шекараласатын тақталарды көрсетеді, литосфералық тақталардың қозғалу жылдамдығы мен қозғалу бағытына сипаттама береді.Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады.
Тапсырманы қорғау Оқушылар топпен өздерінің зерттеген литосфералық тақталар туралы зерттеулерін ұсынады. Топпен өз ойларын бөліседі, тыңдалым, айтылым дағдысын қалыптастырады.