Барлық оқушылар үшін: күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдана алады;
Көпшілік оқушылар үшін: мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, интервью алады;
Кейбір оқушылар үшін:сыни пікірін дәлелдеп жаза алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.