Сабақтың тақырыбы Жыл мезгілдері. Бөлім бойынша жиынтық бағалау



бет1/2
Дата24.04.2023
өлшемі211,73 Kb.
#86433
түріСабақ
  1   2

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
«------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Жаратылыстану 62-сабақ



Бөлім:

Жер және ғарыш

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жыл мезгілдері. Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.4.3.1 Жердің орбиталық айналуының салдарын түсіндіру
4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну

Сабақтың мақсаты

  • Жердің орбиталық айналуының салдарын түсіндіреді;

  • алынған нәтижені өзі таңдаған формада ұсынады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті



Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру

5 мин


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу:
-Өткен тақырыпты мазмұндаңдар.
-Өткен тақырыптарға байланысты бір-біріңе сұрақ қойып, жауап алыңдар.
Оқу материалын жариялау «4 сурет, 1 сөз» әдісі арқылы жүреді:
-4 суретке ортақ мағыналы 1 сөз шығарыңдар. (Жыл мезгілдері)
-Жыл мезгілдерін атаңдар.
-Жыл мезгілдері қандай ретпен ауысады?
- Жыл мезгілдері ауысқанда не өзгереді?
-Олай болса бүгінгі сабағымызда жыл мезгілдерінің ауысуы жайлы оқып, тапсырмалар орындаймыз..
Сабақ мақсаты жария етіледі.
Топқа бөлу «Санау» әдісі арқылы жүреді.

Жаттығу жасайды.

Сұрақтар қояды, жауап береді.


Тақырып ашады.


Топқа бірігеді.

Сұраққа жауап берген оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.












Жаңа білім
15 мин

2 мин
Бекіту


18 мин



(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.
А) Сөздікпен жұмыс.
Жыл мезгілдері.
Ә)Сызбамен жұмыс.
-Оңтүстік жартышарда жаз, солтүстік жартышарда қыс екені қалай көрсетілген?
-А,В, С нүктелерінде күннің ұзақтығы қандай?
-Өз өлкеңде қаңтардан маусымға дейін күннің ұзақтығы қалай өзгеретінін айтыңдар.
-Осы заңдылықтарға түсініктеме беріңдер.
Б)Мәтінмен жұмыс.
-Мәтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақтар қойыңдар.
Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Жыл мезгілдері туралы жұмбақтар айт.


Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әнін айтып билету.


(Т) 2-тапсырма -«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі:
А) Зерттеу.
-Жыл мезгілдеріне байланысты тірі ағзалардың тіршілігі қалай өзгереді?
Ә) Мағынынаны ашу.
-«Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырайды» деген мақалды қалай түсіндіресіңдер?
Адам тіршілігі жыл мезгілдеріне байланысты өзгере ме?
Б) Ойлан.
Егер Жер Күнді Юпитер сияқты 11 жыл 314 тәулікте бір айналса, не болады?
В) Сен білесің бе?
-Мәтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақтар қойып,жауап алыңдар.



  • Сұрақтарға жауап береді.

Билеп сергиді.


Сұрақтарға жауап беріп, тапсырма орындайды.



Дескриптор:

  • Сөздікті жазып,жаттайды-1балл.

- Сызбаны талдап, сұрақтарға жауап береді-2балл.

Жыл мезгілдеріне байланысты тірі ағзалардың тіршілігі қалай өзгеретінін түсіндіреді-2балл.


Мақалдың мағынасын ашады-2балл.


- Адам тіршілігі жыл мезгілдеріне байланысты өзгеруін түсіндіреді -1балл.
Жер Күнді Юпитер сияқты айналса, Жер бетінде болуы мүмкін жағдайларды болжайды-1балл.
Мәтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақтар қойып,жауап алады-1балл.

Жараты-лыстану оқулығы 2-бөлім
4-сынып
2019ж,
дәптер



Қорытынды
5 мин





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет