Сабаққа назарын аудару. Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Нені меңгергенін білу үшін
Презентация № 1-3 бет
15
минут
5 минут
Жаңа сабақ
Сабақтың барысы.
Кімді таныдыңыздар?
И. Сталин қайтыс болғаннан кейін (наурыз 1953 ж) Коммунистік партияның ОК-нің бірінші хатшысы болып Н. Хрущев сайланды. Н.Хрущев билік еткен жылдар (1953 -1964) тарихта « жылымық кезеңі» деп аталады.
Жылымық - И.Сталин дәуіріндегі тоталитарлық
саясаттан ішінара ауытқуымен сипатталған КСРО тарихындағы ХХ ғасырдың 50 жылдарынан 60 жылдарына дейінгі жалғасқан кезеңнің бейресми атауы.
Съезд - қоғамдық ұйымның, саяси партияның, әлеуметтік, кәсіби, ұлттық немесе басқа топ өкілдерінің жиналысы.
Каторгалық жұмыстар- жазаланғандарды ауыр қара жұмысқа салып жазалаудың айрықша түрі
Бүгінгі тақырыпқа байланысты 1954-1964 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін» айқындайтын бейнематериалға назар аударыңыздар.
https://www.youtube.com/watch?v=nDqDBsHXdS8
Бұл кезеңде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен Ж. Шаяхметов босатылып, оның орнына П. Понамеренко, екінші хатшылыққа Л. Брежнев, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Д. Қонаев сайланды.
Енді жылымық кезеңіндегі басты өзгерістерге тоқталсақ.
КОКП XXсъезі Сталиннің жеке басына табынуды айыптады.
Экономикалық аумақтық ұстаным бойынша басқаруды қайта құру.
Қазақстан өнім шығаруда одақтас республикалар бойынша 3-ші орынға шықты.
Теміртау қаласындағы толқулар
Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып қызмет етті.
Ақмола қаласы атын Целиноградқа ауыстыру.
Ядролық қаруды ауада, ғарыш кеңістігінде, су астында жаруға тыйым салу туралы шарт.
Кеңес өкіметі 1954-1956 жылдары шамадан тыс орталықтандыруды жою мен одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған шаралардың тұтас кешенін қарастырды. Алайда қабылданған актілер жарияланған еркіндікті іс жүзінде жоққа тән етті. Экономика мен саясат саласындағы ортақ бағытты белгілеу, мамандарды тағайындау мен алмастыру, көптеген мәселелерді шешу азғана топтың қолында қалып қойды. Қоғамның құрылымы бұрынғыша “жоғарыдан-төмендегілерге” қағидасы бойынша әрекет етті.
Қорытынды: «Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан, XX съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік (ерікті қоғамның дамуы) және субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту әрекетімен тарихта қалды.