Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстары тарауын интеграция әдісімен түсіндіру



бет2/3
Дата15.02.2023
өлшемі3,08 Mb.
#68199
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
интеграция қмж 2 соңғы

«суреттер сөйлейді» әдісі



ІІ. Қолдану.(Р) «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы берілген қиындыларды параққа жабыстыра отырып, оларды бояу арқылы диффузия құбылысын түсінеді





Диффузия(лат. dіffusіo – таралу, жайылу) – нақтылы дене бөлшектерінің жылулық қозғалыстарға ұшырай отырып, сол дене концентрациясының селдір аудандарына қарай жылжуы; молекула олардың жылулық қозғалысы салдарынан шекаралас орналасқан әртүрлі заттардың бір-біріне өту құбылысы. Кейбір денелердің өте шағын бөлшектері ғана емес (атомдармолекулалариондар), біршама ірі түйіршіктері де диффузиялық қасиетті иемденуі мүмкін.
Диффузия жылдамдығы температураға тікелей байланысты, алайда бұл процесс газдарда өте тез, сұйықтарда салыстырмалы түрде баяу, ал қатты заттарда өте баяу өтеді.
Диффузия құбылысы барлық агрегаттық күйде, диффузияланатын заттың сол ортадағы шоғырлануы теңелгенге дейін жүре береді. Газ немесе сұйықтың молекулаларының бір орыннан екінші орынға ауысуы арқылы өз ішінде диффузиялануы өздік диффузия деп аталады. Диффузияның өту шапшаңдығы — диффузияланатын заттың тегіне және оның қандай жағдайда болуына байланысты анықталатын шама — диффузия коэффициентімен сипатталады. Диффузия коэффициентінің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшеу бірлігі — м2/сек. Диффузия құбылысы табиғатта маңызды рөл атқарады: атмосфераның жер бетіне жақын орналасқан қабаттарындағы ауа құрамының біркелкі болуына ықпал етіп, өсімдіктердің дұрыс қоректенуіне жағдай туғызады.
Эстетикалық пәндермен интеграция (бейнелеу өнері, көркем еңбек)
Суреттерді желімдеу және бояумен жұмыс диффузияға мысал бола алады.


Боялған суреттерді батарейкаға қойып қою керек. Жылуөткізгіштік құбылысын түсіндіру мақсатында. Сурет тез кебеді

Оқушылар берілген суреттерді бояумен салады. Мағынасын түсінеді



Дескриптор
-диффузия құбылысының қолданылу аймағын ажыратады
Эстетикалық пәндер арқылы жабыстырады және суретті бояйды
Жалпы балл -3

АКТ
Презентация
8-сынып оқулық  



Мақал-мәтел мағынасын тап әдісі
11-мин

Сабақтың соңы


Рефлексия


5 мин

Бағалау



Үй тапсырмасы



ІІІ. Жинақтау.
1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.
(Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына себепші болады).
2. Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды.
(Қыста үйге от жаққанда пеш, самауыр жақсы жануы үшін түндікті ашып, салқын ауаның кіріп, ластанған жылы ауаны сыртқа айдатқан. Конвекция құбылысы салқын ауа ауыр болғандықтан төмен түседі де, қызған жеңіл ауаны жоғары айдайды, яғни түтін түзу шықпайды).
3. Нан піскенше күлше күйеді.
(Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек).
4. Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен.
(Жүннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді).
5. Темірді қызған кезде соқ.
(қатты дененің балқуы)
6. Болат қайнауда шынығады. (қайнау)
7. Көсеу ұзын болса, қол күймес. Қандай физикалық құбылыс жасырылған? (жылуөткізгіштік)
8. Жақсы кісінің ашуы шайы орамал кепкенше. (кебу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет