Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері.
СЫНЫП: 7
Қатысқан оқушылар саны: 4
Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
7.1.7.2 – жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін атау;
7.1.7.3 – жүйке жасушасының компоненттерін анықтау
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:Жүйке жүйесінің және жүйке ұлпасының құрылымдық компоненттерін,жаңа ұғымдарды атайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Жүйке жүйесінің және жүйке жасушасының құрылымы мен қызметіндегі терминдерді ажыратады
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Жүйке жүйесінің және жүйке ұлпасының жасушаларын атайды.Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды.
Бағалау критерийі
жүйке жасушаларының құрылымдық компоненттерін атайды. Жүйке жүйесі бөлімдерінің қызметін сипаттайды.