Сабақтың тақырыбы: Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай



бет2/4
Дата07.05.2023
өлшемі175,83 Kb.
#90814
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері жіне Абай

Қожа Ахмет Йасауи - Түркі тілдес халықтардың аса көрнекті ақыны, есімі исла әлеміне әйгілі болған ойшыл дана, түркілік сопылық жолды қалыптастырған дін ғұламасы, Орта Азиядағы сопылық әдебиеттің ірі өкілдерінің бірі. Өзін атақты Арыстан бабтың шәкірті санап, одан рухани білім алған, хикметтерінде рухани ұстазын жиі еске алып отырған.
Бұхара қаласында діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысы, сопылың ағымның көрнекті өкілі болды.
Сопылық – ислам дінінде VII-VІІІ ғасырда пайда болған діни ағым. Сопы деген сөздің шығу тегінде екі түрлі мағына бар. Біріншіден, «суф»- жүн, мата деген мағынаны беріп, жүн, матадан тігілген шекпенді софылар киетін болған деседі. Сондай-ақ, «сафос» гректің данышпан деген сөзінен шыңңан. Сопы - жаны да, тәні де таза адам деген ұғым. Қожа Ахмет Йасауи сопылыққа осы тұрғыдан қарайды.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмет» («Даналық кітабы»). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше рет басылады. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
Йасауидің хикметтері 70 өлеңнен тұрады. Әр хикметті шумақ саны әр түрлі. Жырларында әділдік, мейірімділікі тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істермен айналысуға шақырады. Гуманист адам болып жаралғасын адамшылық ңасиеттерді қастерлеп, ислам дінін ту етіп көтеріп Мұхаммед пайғамбардың өмірін өнеге түтып, ғылым, білімме айналысып, жетімдерге қол үшын беріп, ғаріптерге демеу болып, адамгершіліктің биік сатысына көтеріліп, өркениетті ел болуды армандаған.
Ғұлама адамдар бір-біріне қамқор болып, үлкенді сыйлауға, кішіні демеп өсіруге, адал болуға, менмен, көрсеқызар, кеудемсоқ дүниеқоңыз болмауға, дүние-байлыққа қызықпай өмір сүруге тиіс, сонда ғана қоғам әлді, халық тарихта ұзақ өмір кешеді деп ой толғайды.
Ахмет Йасауи адам бірінші 18 мың ғаламды жаратқан Аллаға ғашық болуы керек, оның құдіретіне шек келтірмей, ғажап, ғаламат күш иесі екенін мойындауы керек деп уағыздайды. Ол өзі рухы, тәні, жаны таза адам бола түра, өзінде көп кемшілік бар деп есептейді де сол кемшіліктен қалай құтылам деп толғанады. Жалған сопыларды, дәруіштерді сынайды.
Йасауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам «кемелдікке» жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. Сопылық мағынада «топырақ» - адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Менмендік, өркөкіректік – адамды аздыратын касиет. Кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: «Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ». Йасауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рақметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға.
Танымал түркітанушы Н.Келімбетов А.Йасауидің «Даналық кітабындағы» ілім туралы: «Ақынның «Даналық кітабы» атты жыр жинағы арқылы қарапайым халық ислам өлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен танысты. Әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы сияқты қүбылыстарды Ахмет Йасауи ислам дінінің шарттары арқылы түсіндіруге әрекет жасады. Соның өзінде ақын әлеуметтік қайшылықтар мен теңсіздіктерді сынап, халық мүддесін ескергісі келмеген тәккапар жандарды әшкерелеп отырады. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді:
Ғаріп, пақыр жетімдерді қылған шадман,
Құлдың қылып, ғазиз жанды еткін құрбан.
Тағам тапсаң, шын пейілмен күткін мейман,
Халықтан естіп, бұл сөздерді айттым, міне...
Ғаріп, паңыр жетімдерді әркім сүйер,
Риза болар ол пендеге пәруәрдігер.
Ей, бейхабар, болма күмән, сені асырар.
Хақ Мұстафадан естіп, айттым мұны...
Дүние үшін қам жеме, хақтан өзгені сөз деме,
Кісі малын сен жеме, сират көпірінде тұтар.
Әйелің, қарындас, ешбір болмас ол жолдас,
Әлек болып ғаріп бас, өмірің желдей өтер...

А.Йасауи өзінің өмір жолын түйіндей келіп, бұл өмірде ақиқаттан артық қасиет жоқ деген қорытынды жасайды:


Қожа Ахмет, басыңды елге ие біл,
Ақиқатты ары таза сүйе біл.
Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен
Халық қана дүниеге ие бұл.
А.Йасауи тек дін насихатшысы ғана емес, ол адам бойындағы ізгі қасиеттерді көкке көтере мадақтаушы, өз оқырманын әділ, мейірімді, сабырлы, жомарт, кішіпейіл болуға шақырған ойшыл ақын»,- дейді.
Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – «адамның өзін-өзі тануы» арқылы «Хақты - ақиқатты тануы».
Ахмет Йассауидің «Даналық кітабында» қанағат сезімін үлкен философиялық категория ретінде қарастырады. Ақын қанағатсыз жандарды, яғни нәпсісін тыя алмаған адамдарды тойымсыз итке неұлып қайтқан итке теңейді. Қанағат жайындағы мұндай теңеу мен түсінік кейбір қазақ ақындарының жырларынан өзінің дәстүр жалғастығын тапты. Ахмет Йассауи нәпсіқұмарлықты, көрсеқызарлықты, құлқын-құмарлықты адам табиғатына жат қасиеттер ретінде сипаттап көрсетеді.

Нәпсіден безіп шын ғашықтар Алла деді,


Таңнан тұрып шартарапқа көз жіберді.
...Зәлім нәпсім еш қоймастан отқа салды.
Өне бойым өз-өзінен күйіп жанды.

«Диуани хикметте» адамға қажетті қанағат сезіміне мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екендігін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады:


Айдауында жүрсең нәпсі, шақпа зар:


Аңырағанмен, болмас онда хақ та жар.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кім сақтанар,
Алла ісін сол адал, таза атқарар.
Басыңдағы нәпсі қусаң, бақ қалар,
Жолдан азып, абыройың тапталар.
Ерттеп мініп, шайтан малғұн шаттанар,
Нәпсіңді теп, нәпсіңді теп, бәтшағар!
Нәпсің акыр торға салып, қинар жан,
Діннен қуып, топастанып ми қалған.
Өлер кезде жұрдай қылар иманнан,
Игілік көп ит нәпсіні жиғаннан.

Қазақ даласын билеген әкімдер мен болыстарда құлқынқұмарлық өрбіп, жемқорлық етек жайған тұста, Шал ақын ел билеушілерді имандылыққа, ізгілікке, нысапты болуға үндеді. Бұл үшін ол Ахмет Йассауи хикметтерінде айтылатын ой-пікірлерді ортаға салды.


Адам бойындағы имандылықтың бір көрінісі болып табылатын қанағат, ынсап жайындағы этикалық-дидактикалық түжырымдар бертін келе қазақ ақын-жыраулары поэзиясынан өзінің керкемдік жалғасын тапты. Дулат ақын қанағат жайында айтылған Ахмет Йассауидің ой-пікірлерін қазақ халқының жаңа тарихи жағдайына бейімдеп жырлады.
Ал Абай адам болып қалыптасуға қажетті бес асыл қасиеттің бірі –қанағат деп біледі:

Талап, еңбек, тереңой,


Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
Ахмет Йассауи сопылық сарында өсиет-уағыз айтумен шектеліп қалмайды. Ол өзі өмір сүріп отырған қоғамның қайраткері, белсенді ақыны ретінде адам баласының Алла алдында әділ, ақиқатшыл, кең пейілді, ізгі жан болуын талап етеді. Ақын «Аллаға ғашық болғандар хақ жолына түскендер» туралы айта келіп, Алланың барлығына, құранның растығына күдік келтірудің өзі күнә екенін ескертеді. Ал Абай «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінде Ахмет Йассауидің мораль философиясындағы құдайды танып-білу, имандылық, ораза, қажылық, т. б. мұсылман дінінің негізгі қағида-шарттарын, парыз-қарыздарын зор білгірлікпен жырлайды. Абайдың «имани гүл» (үш сүю), «жәуанмәртлік», «толық адам» сияқты аса күрделі гуманистік ойлары Йассауи философиясынан туындап жатады. Абай өзінің «Жиырма жетінші», «Жиырма сегізінші сөздерінде» және бірқатар өлеңдерінде кезінде Йассауи қолданған діни атаулар мен терминдерді сол күйінде, өзгертпей жазады. Абай:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,


Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.

Осы үш сүю болады имани гүл,


Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл,
Ойлан-дағы үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолыңа малың түгіл.

Дін де осы шын ойласаң, тағат та осы,


Осыларды бұзатын және үш іс бар:
Пайда, мақтан, әуесқой - онан шошы, -
дейді.

Ахмет Йассауи өз хикметтерінде алланы танып-білу, сүю арқылы ғана бүкіл адамзатты сүюге болады деген пікір айтады:


Менің хикметтерімді надан естімес,


Ділі, көңілі қара кеңесімді білмес -
Тән сөйлемес, жас сөйлемес, иман сөйлер,
Жаннан кешкен шын ғашықтар хақты көздер.

Абай:
Алланың, пайғамбардың жолындамыз,


Ынтамызды бұзбастық иманымыз.
Пайда, мақтан, әуесқой – шайтан ісі,
Кәні біздің нәпсіні жиғанымыз? –
деп жырлайды.

Сондай-ақ Абай өз ұстазы Йассауи сөзімен айтқанда, «ділі, көңілі қара надандарды», «ғибрат сөзді естімейтін, білмейтіндерді» өлтіре сынайды.


Абай:
Жамандық, жақсылықпен - оған бір бәс,


Дін ісін, құдай ісін айыра алмас.
Арын сатып, ант ұрып іздегені –
Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас, -
Деп зор күйінішпенжазады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет