Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Есі болса, жұрнақ болса намыстан.
Ұшқалақтық-бірі, екінші-сараңдық,
Үшіншісі-ашу, оған егіз надандық.
Қырсығың-сор, бетті жер ғып жүргізер, бесіншісі-өтірік, жерге тірі кіргізер.
|
Екеуі де «бес дұшпанға» бой алдырған өз замандастарының қылықтарын, «Дос жылатып айтады» дегендей, жеріне жеткізіп, сүйегінен өткізіп айтып, олардың «ұятын, арын оятып», адам болғысы келген адамның асық болар «Бес асыл ісін » өсиет етеді.
|
Бес нәрседен қашық бол: өсек,
өтірік,
мақтаншақ,
еріншек,
бекер мал шашпақ.
|