Байланысты: Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері жіне Абай
Абайдың жәуанмәртлікке қатынасы.
Абай көптеген өлеңдері мен, әсіресе, 17-қарасөзінде жүректің культін көтеріп, барлық ізгі сезім, рахым, шапағат, махаббат атаулының шығар кезі ретінде жүректі шешуші орынға қойып, онда адамгершілік танымның негізі жатыр деп қараған. Абайдағы осы танымның негізі, ол туралы айтылар ой-пікірлерінің өзекті желісі — екінші, үшінші сүюмен бірлікте жаткан ұғымдар. М. Әуезов ез зерттеулерінде Абай діні — адамгершілік дініне айналады дейтін тезисінің мән-мағынасы, әсіресе, осы аталған ұғымдарды танып талдау үстінде айрықша сезіледі.
М. Әуезов Абай шығармаларындағы діни наным мен адамгершілік ұғымының қатар келіп отыруына ерекше назар аударады. Абай дүниетанымын кімнен болса да терең тануы себепті өте күрделі беймәлім ұғымдардың болмысын, мәнін дәл ашып беріп отырды. Абайдағы діни ұғымдар ондағы екі ұшты, қос қыртысты мағыналардың көп жағдайда адамгершілік негіздерімен ұштасып, ақынның тәлім-тәрбие дүниетаным жайлы ойларында қосарланып жататынын көре білді. Осы ерекшеліктің орын алу себебі: «...ислам дінінің иманын, парыздарын, тарихындағы шартты жолдарын — баршасын да өзінің ұлы гуманистік тұрғысынан қарап, көп жерінде мүлде, Абайдың діні — өзінің заманы мен ортасына, бір жағынан сырттай баж бере отырса да, негізінде, және де ақылдың, адамгершіліктің діні болады», — деп, тіпті, заманы мен ортасына байланысты діни ұғымдарды адамгершілік мұрат-мақсаттарын насихаттау үстінде пайдаланып отырғанын аша көрсетті.
М. Әуезов бұл мәселеге өз зерттеулерінде көп аялдап отырса да, арнайы талдап, нақтылы зерттеу нысанасына алып жеке енбек жазбаса да кеп жылдар бойы іздену, зерттеу, тану үстінде екшеліп, қорытылған ой желісінің басты-басты негіздерін тезистік пікірлер ретінде беріп отырған. Дәл осы тұрғыдан Абайдың діни ұғымы мен адамгершіліктің негіздеріндегі іліктестікті ашуда басқа шығармаларындағы осы іспеттес ой желістеріндегі ерекше-ліктерге де көп үңілген. Осы себепті, әсіресе, 38-сөздегі құдайдың затия, сифатия қасиеттері туралы Абай танымының негіздері мен өзіндік танымына, тіпті, баса назар аударады. Осы себептен де Абай құдайдың: «..көп сипаттарын оқушысына баяндап береді. Сол баяндауында үнемі адамдық жаксы сипаттар жағын айрықша екшеп терумен болады», — деп, жоғарыда біз тоқталып өткен он сипатқа (кәмәлат ғазаматқа), әсіресе, сондағы адамның адамшылығын арттыратын үш сипатқа (жәуанмәртлікке) М. Әуезов көп көңіл белген.
М. Әуезовтің «ерекше екшеп терумен болды» деп жеке дара беле керсетіп отырғандары негізінен Абай айрықша назар аударған үш сипатқа (ғақыл, ғаделет, рахым) яғни Абайда жәуанмәртлік деп сілтеме жасап, артынан мол түрде тарататын гуманистік ұғымға көп мән бере қараған. Абайда ерекше мақталатын үш асыл қасиеттің жиынтығы ретіндегі жәуанмәртлік мәселесін талдап қарасақ, не себепті М. Әуезовтің Абай діні — сыншыл ақылдың шартты діні, адамгершіліктің діні деп айтатыны барынша айқындала түседі.
Абай мұрасы қаншалықты мол зерттелді десек те, ұлы ақын замандастары мен болашақ ұрпақтарына арнап «мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» деп ескерткен терең мәнді сөзіне үнемі ой көзімен қарау қажеттілігі күн өткен сайын сезілуде. Ақыннан қалған филоссфиялық терең ойға толы шығармаларын оқыған сайын мағынасы алыс беймәлім, төркінін іздесең, сан қилы көне рухани соқпақтарға бастайтын көптеген күрделі ұғымдар әлі де болса біршама ұшырасып жатады.
М. Әуезов атап көрсеткендей, түп иенің бойындағы асыл сипаттарды Абай адам бойына дарытуға ұмтылғанда, солардың ең бастыларын ғана, яғни реалды өмірмен әрбір адам еңбектену арқылы кәсіби жолмен табатын сипаттарға ғана ерекше көңіл бөлген. Абай ардақтаған осындай үш асыл қасиеттің тұтас ұғымын қамтитын жәуанмәртлік — осы күнге дейін мән-мағынасы қалың оқырманға беймәлім болып келе жатқан күрделі танымдардың біріне жатады. Жәуанмәртлік сөзі Абайдағы 38-сөзде бір-ақ рет қалданыс тапса да, ақын ол жайлы кең түсінік беріп өз ойының желісін сол жанама дерек ретінде берілген ұғым арқылы таратқан.
Жәуанмәрт сөзінің түп төркіні Л. 3. Будаговтың 1868 жылы шыққан сөздігіне сүйеніп, парсы тіліндегі жувонмард деген сөзден алынған деп жүр. Парсы тіліндегі «жувон» сөзінің мағынасы бозбала, жас жігіт деген ұғымды білдірсе, «мард» сәзінің мағынасы «жомарт, мырза, шапағатты» деген ұғымға орайлас.
Ал, шындығында бұл сөз XIII ғасыр ескерткіші «Мұхаддимат ал-Адаб» сөздігінде «Лаванмардлық» түрінде ұшырасады. Мағынасы: «қайырымдылық, ізгілік» дегенге келеді. Әуел баста жәуанмәрт жалпы мораль философиясын танытатын этикалық ұғымдардың бір саласы ретінде дүниеге келген тәрізді. Жәуанмәртліктің орта ғасырдан арғы дәуірде ажам халықтары арасында туындап, соңғы ғасырларда өріс алуының белгілі бір себептері де бар сияқты. Ислам мәдениеті Харун Рашид заманынан бастап, Таяу Шығыста молырақ қанат жайды. Ислам мәдениетінің жұрт таныған орталығына арналған Бағдаттағы т. б. қалалардағы мұсылман зиялылары грек ғылымымен, философиясымен тікелей таныса бастады. Қоғамдық санада әр түрлі соны құбылыстар өріс алған кезең туды. Осы тұстағы этикалық ғылым саласындағы бір желі — жәуанмәртлікке байланысты ой-пікірлері де өріс алды.
Жәуанмәртлік ұғымының бастапқы белгілері қазақ халқының ой санасында ертеректе-ақ орын алып, байырғьі тума ұғымдардың біріне айналып кеткені байқалады. Мұны қазақ арасында сонау көне заманнан бері қарай қолданып келе жатқан жомарт сезінің өзі-ақ айқындайды. М. Ш. Шералиев көне түркі тілі мен қазіргі азербайжан, қазақ-қырғыз тілінің этимологиясына тарихи барлау жасай отырып, «жувонморд» сөзі түп төркіні жағынан алғанда түркі тілдес халықтарда бағы заманнан бері келе жатқан тума ұғым екенін ғылыми негізде дәлелдейді.
Қазақ ауыз әдебиетінде жиі ұшырасатын Атымтай жомарт (арғы теркіні арабта жатқан) немесе Қорқыт жайлы деректер мен Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясындағы «Жомарт» әңгімесінде сөз болатын мырзалық, әділеттілік, қанағат, ізгілік, ақылдылық сияқты адамгершілікке тән ұғымдардың шығар көзі де жәуанмәртлікпен сабақтас, үндес келуі де кездейсоқ құбылыстар болмаса керек-ті. Бұхар жырауда ұшырасатын:
Ғаділдігін Наршаруан ғаділден өткерген,
Жомарттығын Атымтай жомарттан өткерген, —
деген өлең жолындағы әділет, жомарт ұғымының түп төркінінде де жәуанмәртліктің негізгі сипаттарын көрсететін ұғымдар жатыр.
Түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.
Үзінді
Беті
Пікір
Сабақты қорыту.
Үйге тапсырма:
Түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.