Сабақтың тақырыбы Кермеде орындалатын жаттығулар VІІ сабақтың мақсаты



Дата14.09.2023
өлшемі66 Kb.
#107556
түріСабақ
Байланысты:
д-ш кермеде тартылу



САБАҚ ЖОСПАРЫ



І

Пәні

Дене шынықтыру

ІІ

Пән мұғалімі

Е.Копбаев

ІІІ

Өтілетін сыныбы

4-В

ІV

Өтілетін мерзімі

3.10.2017ж

V

Өтілетін орны

Спорт зал



Сабақтың тақырыбы

Кермеде орындалатын жаттығулар

VІІ

Сабақтың мақсаты

а) теориялық

Кермеде орындалатын жаттығуларды меңгерту.

ә) жетілдіру

Өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттігін арттыру.

б) тәрбиелік

Дене тәрбиесіне, салауаттылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың мазмұны

Уақыт, мөлшер

Әдістемелік ескерту

Д
А
Й
Ы
Н
Д
Ы
Қ
К
Е
З
Е
Ң
і

1

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

15 минут

Спорттық киімдеріне назар аудару.

2

Сынып санын түгелдеу.

Себепсіз оқушыларды анықтау.

3

Рапорт қабылдау.

Рапортты дұрыс тапсыруын қадағалау

Қозғалмалы бой жазу жаттығулары
- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.
- Екі қол белде өкшемен жүру.
- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
- Бір қалыпты жеңіл жүгіру.
- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру.
- Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру.
- Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру.
- Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру.
- Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.
- Екі қол тізеде, толық отырып жүру.
- Отырып секіре жүру.
- Дем алу,дем шығару.

Аяқ ұшымен, өкшесімен, сыртқы, ішкі қырымен жүруін ескерту.
Оң және сол бүйірмен жүгіруін ескерту.
Алақанға аяқтың ішкі, сыртқы қырының, өкшенің тиюін ескерту.
Отырып жүру, жүгіруін ескерту.



Саптағы бой жазу жаттығулары
- Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.
- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.
- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.
- Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.
- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.
- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.
- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
- Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.
- Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру
- Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру.
- Дем алу, дем шығару.



Қатарға дұрыс тұруын ескерту.
Қолды белге ұстауын ескерту.
Дұрыс иілулерін ескерту.
Қолдың Аяққа тиюін ескерту.
Арқы тізенің бүгілмеуін ескерту.


Аяқтың қолға тиюін ескерту.
Тізені дұрыс айналдыруын ескерту.



Н
Е
Г
І
З
Г
І
К
Е
З
Е
Ң



Кермеге тартылу жаттығулары


Кермеге тартылу –білек күшін жетілдірудің ең тиімді әдісі. Кермеге тартылуда үйренуге арналған жаттығу түрлері мынадай:

  1. Шынтақты бүге қолды қабырғаға тіреп тұрып, білек күшімен денені кейін итеру;

  2. Екі қолды еденге тірей етпеттеп жатып, білек күшімен денені көтеру;

  3. Шалқадан жатып аласартылған кермеден ұстап тартылу;

  4. Қабырғада тартылу;

  5. Кермені бір қолмен ұстап асылып тұру;



Ескерту : кермеден алақанды өзіне қаратып ұстау керек екенін есіңнен шығармау .

25 минут

Ойын ережесін түсіндіру.


Ойын ережелерін қатаң түрде сақталуын ескерту.



қорытынды
кезең

Сабақты қорытындылау.

5 минут



Түгел тындауын қадағалау.

Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Толық сапқа тұруларын қадағалау

Үйге тапсырма беру.

Үй тапсырмасын тыңдауын қадағалау

Оқушыларды бағалау.

Сабаққа қатысуына байланысты бағалау

Қоштасу.

Түгел қоштасуын қадағалау.

Бір саппен спорт алаңынан немесе залдан шығару.

Бір саппен шығуын қадағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет