Сабақтың тақырыбы Кәсіптік карта Сабақтың мақсаты



бет2/2
Дата09.03.2023
өлшемі34,24 Kb.
#72689
түріСабақ
1   2
Байланысты:
кәсіптік бағдар (1)

Топтық жұмыс. Ситуациялық жағдайларды шешу
1-топ. Сіз-дәрігерсіз. Ауырған адам сізге келіп қойған диагнозыңызбен келіспейтінін айтты,сіздің шешіміңіз қандай?
2-топ. Сіз-мұғалімсіз. Сабаққа ата-ана қатысып отыр ,сіз үй тапсырмасын сұрадыңыз ешбір оқушы дайын емес.Не істер едіңіз?
3-топ. Ата-анаңыз сізге бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық сізге ұнамайды. Сіз ата-анаңыздың шешіміне қарсы боласыз ба?
4-топ. Сіз мұғалім болуды армандайсыз. Мұғалім мамандығын қатты ұнатасыз. Бірақ өзіңізге ұнамаған мамандықтың грант иегері атандыңыз. Ол мамандыққа жаныңыз қас. Не істейсіз?


Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану


Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.


Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады


Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілеті жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілеті, ой - өрісің дамыған. Сенде табиғи өткір ойлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды.


Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауартпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.


Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан қайтпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.
Рефлексия. Padlet тақтасы арқылы кері байланыс береді.


Қорытынды: «Ең қиын мамандық - адам боп қалу»
демекші мамандық таңдауда адаспай, адамдық биіктен аласармай, жақсы азамат болуларыңа тілектеспін.

Стикер
Ақ бет






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет