Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Абайы Сабақтың мақсаты



бет45/57
Дата17.10.2022
өлшемі236,51 Kb.
#43691
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
Байланысты:
Абайтану қмж

ІV Сөздікпен жұмыс: 
Нәфрәтлі – жиренішті, жиіркенішті
Ғибрәтлі – үлгілі


V Сабақты бекіту: Мәтін мазмұнын жан-жақты талдау.
Концептуалдық кесте.



Шығарма атауы



Асыл іс



Дұшпан



Тәрбиелік мәні



«Ғылым таппай мақтанба»

Талап
Еңбек
Терең ой
Қанағат
Рақым

Өсек
Өтірік
Мақтаншақ
Еріншек
Бекер мал шашпақ

Жамандық көрсең, жирен.
Жақсылық көрсең, үлгі ал.
Ғылымға көңіл бөлсең, білгендердің сөзіне ерсең, дүние де өзі, мал да өзі т.б.



Семантикалық карта.

Мағына

өсек

өтірік

мақ
таншақ

еріншек

мал шашу

та
лап

еңбек

терең ой

қанағат

Ра
қым

Қызығушылығы жоғары, ізденгіш
















+













Адамгершілік қасиетке бай




























+

Сөз өрбіту, бірді-бірге шағыстыру

+




























Шамадан тыс кеуде, көкірек







+






















Пара беру, сатылу, санасыздық













+
















Арыдан болжау, сана-сезімі мол






















+







Барға шүкіршілік

























+




Ағылған бос сөз




+

























Жалқау, арамтамақ, жеңіл жол










+



















Тыным таппайды, уақытын бағалайды



















+












VІ Шығармашылық жұмыс:
1. Екі топ берілген тақырыпты түсінгеніне орай сурет салып, бейнелейді. «Ғылым-білім дегенді қалай түсінесің?»
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмей, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі – тұл.
2. «Қиық қағаздар сөйлейді». Берілген қиықтардағы сөздерді бір-бірімен байланыстырсаң, әдемі қанатты ой шығады.
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады.
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
3. Өлең құрастыру. І топ. Жамандықтан жиренемін...
ІІ топ. Адам болып өсемін...
Сергіту сәті. «Бәйге» ойын стратегиясы. Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. (екі топқа алты сұрақтан)
Ø Абай қай облыстың тумасы? (Семей)
Ø Абайдың әжесі (Зере)
Ø «Дем алысы – үскірік, ая бен қар» қай өлеңінен алынған үзінді? («Қыс»)
Ø «Дүние қалай етсең табылады» әңгімесінің авторы кім? (Ы.А.)
Ø Абай қай жылы туды? (1845)
Ø Абай аударма жасады ма? (иә)
Ø «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған жазушы кім? (М.Ә.)
Ø Абайдың әкесі (Құнанбай)
Ø «Көкорай шалғын бәйшешек» қай өлеңнен алынған үзінді? («Жаз»)
Ø «Өзен» өлеңінің авторы кім? (Ы.А.)
Ø Абайдың неше қарасөзі бар? (45)
Ø Абай ән жазды ма? (иә)
«Жалғастыр» ойыны.
Білім азбайды, ақыл тозбайды.
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде.
Білмеген қауып айтады, білген тауып айтады.


VІІ Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


VІІІ Қорытындылау. Ойтолғау (монолог түрінде). Абай өлеңдері бізді неге үйретеді? Не үйрендік? Біздің өмірімізге қажеті бар ма?


ІХ Түйін. Тақтада ілініп тұрған Абай туралы пікірлерді ұштастырып ой қорыту.

Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі.


М.Әуезов
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған келбетіне,
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?
Ж.Жабаев
Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
Ғ.Мүсірепов
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.
Н.Назарбаев
Халқымыздың рухын әрлендірген - Абай. Сарқылмас күш-қуат беріп, әр адамға инабаттылық қазына сыйлаған, жазба тілдің негізін салған, қазақ поэзиясының алтын діңгегі – Абай.
Х Үйге тапсырма: өлеңді жаттау.

Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі.
М.Әуезов
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған келбетіне,
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?
Ж.Жабаев
Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
Ғ.Мүсірепов
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.
Н.Назарбаев
Тексерілді:


Күні: 26.01.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Сегізінші», «Он жетінші» қарасөзі
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек

мәлімет бере отырып, «Сегізінші», «Он жетінші» қарасөздерінің мағынасын ашу, ақыл, қайрат, жүрек және ғылымның адам өміріндегі алатын орнын, оның жан дүниесін түсінуге әсерін тигізу;

  1. Дамытушылық: оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту,

бір-бірінің пікіріне құлақ асуға, шығармашылыққа баули тәрбиелеу;

  1. Тәрбиелік: ұлы ақынның еңбектеріндегі асыл ойларды өмірде жүзеге асыруға,

адамгершілікке, адалдық пен ізгілікке, білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту сабағы


Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс, түсіндірмелі, рольге бөліп оқу, талдау,
жартылай іздену.
Сабақтың көрнекілігі:  Абайдың суреті, тапсырмалар жазылған слайдтар, магнитті тақта арқылы электронды оқулық материалдары.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау.

ІІІ Өткен сабақты пысықтау үшін:
Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін топтастыру арқылы тиянақтау.
Абай кім:
1. ақын
2. сазгер
3. аудармашы, ағартушы
5. мысалшы, қоғам қайраткері
Абай-ақын:
1. өлең жазған
2. табиғат, білім, достық, махаббат, балаларының қазасына арнау, көңіл-күй
« Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
А)Абайдың өздері білетін өлең шумақтарын жатқа айту
ә) Абай өлеңдерін оқығандағы түйгенім:
1. адамгершілікке
2. имандылыққа
3. ізгілікке
4. қанағатшылдыққа, адалдыққа т.б. тәрбиелеп, жетелейді. Осы бағыттағы сөздерді әр оқушыға тақтаға жаздыру.


ІІІ Жаңа сабақ:
«Сегізінші», «Он жетінші» қарасөздері
Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес «ғақлия» — көркем сөз, дана сөз, асыл сөз.
Қара сөздер 1948 жылы Семейде «Абай» журналында жарияланды. 1890 жылдардан бастап Абай қара сөз жазған. Тұңғыш қағазға түсірген – Мүрсейіт. Қара сөздердің жалпы саны – 45. Өзіндік ерекшеліктері:
сөйлемдері қысқа;
мағынасы кең;
ой саларлық мағынасы бар;
ғибрат (үлгі)беруді көздейді
философиялық сұрау басым;
өзі жауап береді;
өз-өзімен кеңес,ой-пікір білдіру үлгісінде;
СЕГІЗІНШІ СӨЗ
Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?
Біреу - болыс, біреу - би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? - деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді.
Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім - ешнәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса, құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны - бәрі мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме? Ол малды суармақ, тойғызбақ; саудасын жиғызбақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры-бөрі, қыс, суық-сұғанақ - солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ. Оның бәрін жайғастырып, аяғын алып келіп мақтанға орналастырғанша қашан? Қолы тимейді.
Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өздері де тыңдамайды.
Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын? Және де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ: «Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!» дейді. Оның өзгеменен ісі жоқ, ана алдындағы үшеуіндей болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет