IV Сабақты бекіту:
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Абайтану ғылымының зерттелу кезеңдеріне талдау жасаңдар.
Революцияға дейінгі және 20-30 жылдардағы абайтану ғылымы туралы зерттеңдер.
1940–1990-жылдардағы абайтану ғылымының зерттелуінде қандай ерекшеліктер болды?
Тәуелсіздік алғаннан бергі абайтану ғылымының зерттелу жайы қандай?
V Үйге тапсырма:
Абайтану ғылымының қалыптасуы туралы түсінік.
Реферат жазу.
VI Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 15.12.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақын шығармаларының басылымдары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға ақын шығармаларының басылымдары туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |