IV Сабақты бекіту:
Сұрақтар:
Кәкітай Ысқақұлы кім?
Кәкітай Ысқақұлы қандай еңбегімен белгілі болды?
Танымдық тапсырма.
Абайдың Кәкітайдан басқа қандай дарынды шәкірттерін білесіңдер. Олар туралы мәліметті кестеге жазыңдар. Мысалы: Шәкәрім Құдайбердіұлы
Абайдың дарынды шәкірттері
|
Ол кім?
|
Туған жері
|
Әдебиетке қосқан үлесі
|
Қандай шығармаларын білесіңдер?
|
Абай туралы қандай еңбек жазды?
|
Шәкәрім Құдайбердіұлы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
V Үйге тапсырма:
1. Ақын шығармаларының басылымдары туралы түсінік.
2. Реферат жазу.
VІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 22.12.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақ тақырыбы: Сынақ сабақ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көз қарасын дамыту. Абай шығармашылығының асқақтығын жан-жақты таныту арқылы шығармашылық белсенділіктерін шыңдау; Тест тапсырмалары арқылы алған білімдерін бекіту;
2. Тәрбиелік: тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: тест тапсырмалары.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, тесттер жинағы.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;
ІІ Тест тапсырмалары.
1 - нұсқа
1. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз.
А) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі;
В) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта;
С) Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде;
Д) Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі;
Е) Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде.
2. Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?
А) 7жасында; В) 8жасында; С) 9жасында; Д) 10жасында; Е) 11жасында.
3. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?
А) Араб, парсы, түркі; В) Араб, парсы, иран;
С) Араб, парсы, түркімен; Д) Араб, парсы, өзбек; Е) Араб, парсы, орыс.
4. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді?
А) 10жаста; В) 11жаста; С) 13жаста; Д) 15жаста; Е) 16жаста.
5. Абай Е. Михаэлиспен қай жылы кездесті?
А) 1870ж.; В) 1871ж.; С) 1873ж.; Д) 1875ж.; Е) 1880ж.
6. 1882 жылы жазылған Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем туындыларын көрсетіңіз.
А) «Жаз», «Қыс»;
В) «Өлең - сөздің патшасы», «Күз»;
С) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жазғытұры»;
Д) «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»;
Е) «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Бородино».
7. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді?
А) Байкөкше; В) Барлас; С) Көкпай; Д) Балта; Е) Шөже.
8. Мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналған тұңғыш шығармасын белгілеңіз.
А) «Интернатта оқып жүр»;
В) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»;
Д) «Жазғытұры»;
Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат».
9. Қай өлеңнен?
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
Достарыңызбен бөлісу: |